БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірледі. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

13.06.2024 ж.                                                                                 Астана қ.

 

Еңбекминімен ЖМЗЖ  есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірленді

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірледі. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

 

Жоба ҚР Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 8)-тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мөлшері мен тәртібін айқындайды.

Қағидаларға сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай ЖМЗЖ аударылған адамдарға:

         - зейнеткерлік жасы келгенде (63/61 жас);

         - бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, егер ол мерзімсіз болып белгіленсе беріледі.

БЖЗҚ-дан ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айы бойынша жүзеге асырылады.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Толығырақ https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15059880 сілтемесі арқылы танысуға болады.

 

 

 

 

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірледі. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған
Дата публикации
13 июня 2024