Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.
Осы бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін айқындау болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған.