Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы лицензиарды айқындау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып айқындалсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов