«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) үміткер-жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Үміткерге Мансап орталық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32649 болып тіркелген) әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіби кеңес береді.
Біржолғы ваучерді алу үшін үміткерге ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін ҰБЖ-нің цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы ваучер алуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтініш береді және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін өтінішке қоса береді.
Өтініш берген кезде «Еңбек нарығы» ААЖ-сі автоматты режимде тексеруді:
үміткердің жұмыссыз ретінде тіркелуі;
Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлуге сәйкес үміткердің өтініш берген өңірінде біржолғы ваучердің болуы;
үміткердің ағымдағы жылы бір реттік ваучер алмауы жүзеге асырады.»;
4, 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мансап орталығы өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, өтінішті толтырудың дұрыстығын, оның ішінде үміткердің кәсіптік біліктілік пен білімге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) өтініш дұрыс толтырылмаған және (немесе) кәсіптік біліктілік пен білімге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мансап орталығы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде «Еңбек нарығы» ААЖ-сінде дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Еңбек ұтқырлығы орталығы үміткерге ҰБЖ-ның цифрлық платформасында дәлелді бас тартуды жібереді.
Үміткер құжаттардың толық пакетін берген, өтінішті дұрыс толтырған, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде кәсіптік біліктілік пен білімге белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде мансап орталығы үміткердің өтінішін Еңбек ұтқырлығы орталығына жібереді.».
9-тармақ мынадай редакциядағы абзацтармен толықтырылсын:
«9. Еңбек мобильділігі орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-сі арқылы үміткердің біржолғы ваучер алуға өтініші келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткер таңдаған тану орталығының жеке кабинетіне ҰБЖ-нің цифрлық платформасында жібереді.
Тану орталығынан теріс жауап түскен жағдайда «Еңбек нарығы» ААЖ-сі арқылы еңбек ұтқырлығы орталығы бір жұмыс күні ішінде үміткерге ҰБЖ-нің цифрлық платформасында дәлелді бас тартуды жібереді.».
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Еңбек мобильділігі орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-сі арқылы тану орталығы расталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы біржолғы ваучерді оның берілген күні мен қолданылу мерзімін, үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірін және тану орталығының атауын көрсете отырып, ҰБЖ-нің цифрлық платформасындағы үміткердің жеке кабинетіне жібереді.
Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі оны берген күннен кейін күнтізбелік алпыс күнді құрайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген біржолғы ваучерді алушының еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне ұзартылады.
Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін біржолғы ваучерді алушы интеграцияланған ақпараттық жүйелерде ақпарат болмаған жағдайда «Еңбек нарығы» ААЖ-ға жіберілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін ҰБЖ-нің цифрлық платформасындағы жеке кабинетте орналастырады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялау және орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Су және ирригация министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі