«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
15) тармақша мынадай редакциясы жазылсын:
«15) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгiлеу;»;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 122-1), 229-32), 229-33), 229-34), 229-35), 229-36), 229-37), 229-38) және 229-39) тармақшаларымен толықтырылсын:
«15-1) қызметтің тиісті салаларындағы мемлекеттік органдармен келісу бойынша қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу және бекіту;
15-2) қызметтің тиісті салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен бекітетін ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін келісу;
122-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда үміткерлердің ұлтын растайтын тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-32) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдау көрсетудің интеграцияланған моделінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-33) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-34) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
229-35) жабдықтар мен қатты мүкәммалдың ең төменгі нормативтерін әзірлеу және бекіту;
229-36) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
229-37) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары мен әлеуметтік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-38) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-39) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов