«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
13) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
14) «Е-Собес» ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
15) «ОДҚ» ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
16) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ЕРДО) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелері үшін бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын және интеграциялануын ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:
1) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) тұлғаның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.»;
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді, өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Үлгілік қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігін көрсету үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау:
1) өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;
3) өтініш берушінің өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды адам ҚР ӘРПК 74-бабына сәйкес тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды адам өтініш берушіге тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган осы Үлгілік қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Хабарлама осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимінде жіберіледі. Sms-хабарлама осы Үлгілік қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарламаның электрондық журналында тіркеледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады;
4) уәкілетті мемлекеттік органның әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) әлеуметтік көмек көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды құжаттарды ұсыну;
7) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен аталған негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындау, төлемді жүзеге асыру, өтініш беру фактісін растайтын мәліметтерді алу;
8) өтініш берушінің толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болуы.
Әлеуметтік көмекті төлеуді Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына аудару жолымен жүргізеді.
1) алушы қайтыс болған;
2) алушының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс тұрақты тұруға кетуінен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек алушыға қатысты әлеуметтік көмек көрсету негіздерінен айыру анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
ААЖ-дан зейнетақы мен жәрдемақы (белсенді) алушылары туралы ақпаратқа сұраныс жасайды.
ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, бөлімше коды, төлеу коды, жынысы, тіркелген мекен жайы, банк деректемелері, телефон нөмірі (бар болса), қамқоршының деректері (жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін).
Деректер жіберілгеннен кейін «Е-Собес» ААЖ-да «ОДҚ-ға жіберілді» мәртебесіне автоматты түрде ауысады.
- біржолғы төлемдер үшін – күн сайын, атаулы күндер мен мереке күндер басталғанға дейін 10 күн бұрын;
- ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер үшін – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 20-күніне қалыптастырады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін келіп түскен өтінімдер бойынша, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-не дейін аударады.
1) қайта қаржыландыру қажет болған жағдайда – «Е-Собес» ААЖ-да тиісті өзгерістерді енгізіп, өзгерген мәліметтерді «ОДҚ» ААЖ-ға жібереді;
2) қайта қаржыландыру қажеттілігі болмаған жағдайда – жаңа шешімді қалыптастырып, шешімге қол қойылғаннан кейін «Е-Собес» ААЖ-де «Таза қайтарым» статусын таңдайды.
- осы Үлгілік қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органмен әлеуметтік көмек төлеуге аударылған трансферттер туралы тексеру актісіне қол қояды;
- осы Үлгілік қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ бөлінісінде әлеуметтік көмек төлемдері туралы ақпаратты жолдайды.
ЕРДО ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігі мен өзгермейтіндігін қалыптастыруды және форматтық-логикалық бақылау орнатудың уақтылығын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алуды растауды қамтамасыз етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау» мемлекеттік сервисі арқылы.
осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшалармен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов