«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуеміттк қорғау министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 66-ө-м бұйрығының күшін жою туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (2-шығарылым) қайта қаралып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуеміттк қорғау министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 30 бұйрығымен бекітілді.
Осы бұрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
Ол Министрлікпен 2024 жылғы 20 ақпандағы № 01-1-2-04/1014-И хатымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК-ға ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілген.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты, егер нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық элементтері жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе солармен қамтылса, күші жойылды деп тануға жатады.
Осыған байланысты «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 66-Ө-М бұйрығы күші жойылды деп тануға жатады.
Бұйрықтың жобасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сайтында, сондай - ақ жария талқылау үшін-ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасына кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелерінен, қоғамдық кеңес мүшелерінен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподактырының бірлестігінен оң қорытындылар ұсынылды.
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуеміттк қорғау министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 66-ө-м бұйрығының күшін жою туралы»Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы бойынша қаржылық шығындар талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті