«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруын мониторингтеуді жүзеге асыру, жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруын мониторингтеуді жүзеге асыру, жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасынына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруын мониторингтеуді жүзеге асыру, жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

2024 жылғы 14 мамырда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.

бұйрық жобасына баспасөз релизі
Дата публикации
14 мая 2024