HR саласындағы «Адам ресурстарын басқару» кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз

2023 жылғы 4 шілдеде «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) саласындағы заңға тәуелді актілер қайта қаралды.

КС тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдары бекітеді.

Көрсетілген КС жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларына сәйкес (ҚР Әділетминінде 33401 тіркеу нөмірі) КС жобалары 2023 жылғы қарашадан бастап 2024 жылғы сәуірге дейін цифрлық платформада орналастырылды.

2019 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 255 бұйрығымен HR-саладағы негізгі және өзекті бағыттар бойынша «Адам ресурстарын басқару» саласы бойынша 24 кәсіптік стандарт бекітілді.

Ағымдағы жылы ҰБЖ заңнаманың, нарықтық қатынастар, цифрлық трансформация саласындағы өзгеруін, жаңа қызметтер мен кәсіптердің пайда болуын, кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктіліктерді тануда еңбек нарығының қажеттілігінің болуын ескере отырып, 24 КС қайта қаралды және жоғарыда көрсетілген 15 КС жобалары жаңа редакциясында дайындалды

1) «Стратегиялық HR»;

2) «Еңбек ресурстарын ұйымдық дамыту және жоспарлау»;

3) «Персоналды іздеу және таңдау (рекрутинг)»;

4) «Қызметкерлер қызметінің тиімділігін басқару»;

5) «Персоналды бейімдеу, оқыту және дамыту»;

6) «Жиынтық сыйақыны басқару»;

7) «Таланттарды (мансапты) басқару»;

8) «Еңбек қатынастарын басқару»;

9) «Адам ресурстарын жалпы басқару»;

10) «HR бизнес-серіктес»;

11) «Цифрлық HR»;

12) «Кадрлық әкімшілендіру»;

13) «HR-сараптау»;

14) «Корпоративтік мәдениетті басқару»;

15) «Қызметкерлердің әл-ауқатын басқару».

«Адам ресурстарын басқару» HR саласындағы КС барлық қызмет салаларындағы ұйымдарда қолданылады және HR саласындағы бағыттар бойынша біліктілік деңгейі мен құзыреттілігін, еңбек мазмұны мен сапасын ескере отырып, білімге, іскерлікке, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуеміттк қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

Баспа сөз
Дата публикации
10 мая 2024