«Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19900 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

         осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

проект приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан «О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 15 «Об утверждении Правил расчета размера гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, протезно-ортопедической помощи, технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения, приобретаемых через портал социальных услуг»
Дата публикации
10 сентября 2020