«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22 ақпандағы 2019 жылғы № 92 бұйрығына өзгерістер негізу туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22 ақпандағы 2019 жылғы № 92 бұйрығына өзгерістер негізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-4) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 маусымдағы Заңына сәйкестентендіру мақсатында Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22 ақпандағы 2019 жылғы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізуді қамтиды.
Бұйрық жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды көздемейді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Цифрландыру департаменті