«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына ақпараттық хабарлама
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 393-НҚ және 2023 жылғы 28 қарашадағы № 468-НҚ бұйрықтарына және ҚР ҰЖ 03-2019 «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» (ЭҚЖЖ) 2 және 3 өзгерістерге сәйкес келтіру болып табылады.
2024 жылғы 26 сәуірде бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2024 жылғы 14 мамырға дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).