«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы
30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның сапалы құрамын қалыптастыру мақсатында бұйрық жобасына өзегістер енгізіледі.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұдан басқа, Жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.