БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
44-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия құрамында кемінде 7 (жеті) адам, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және мәслихат депутаттарынан тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады.»;
44-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия төрағасы халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік ететін облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің орынбасарлары болып табылады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |