«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) еңбек мобильділігі орталығының және мансап орталығының лауазымдарына қойылатын біліктілікке қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу мақсатында әзірленді.
Сонымен қатар, бұйрық жобасы «Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары» жаңа лауазымымен толықтырылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2024 жылғы 22 сәуірде бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.