Пресс-релиз
Астана қаласы 2024 ж. 11.04.
«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту турал» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы талқылау үшін әзірленді.
Бұйрық жобасы төлемдерді алушылардың шоттарына республикалық бюджет есебінен аударуды, сондай-ақ жұмыс берушінің түскен және төленген қаражатының балансын есепке алуды жүзеге асыру бойынша төлемді біріктіруді көздейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасымен «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы «сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/list?categoryId=369 танысуға болады.