«2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына ақпараттық хабарлама
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы дайындалды.
2024 жылғы 11 сәуірде бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған.