«Арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға арналған субсидиялар мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі

«Арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға арналған субсидиялар мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға арналған субсидиялар мөлшерін айқындау туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережесінің 15-тармағының 191-1) тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің шығындарын өтегенге дейін субсидиялар мөлшерін анықтау мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

2024 жылғы 29 наурызда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.

жобаға баспасөз-релизі
Дата публикации
29 марта 2024