«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҰЖЫРЫМДАМА

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҰЖЫРЫМДАМА

 

 

  1. Заң жобасының атауы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізу туралы тапсырмасын іске асыру Заң жобасына тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеудің негізі болып табылады.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрі – Конвенция)
2015 жылы ратификациялау және Конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою арқылы Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын толық іске асыру үшін халықаралық стандарттарды имплементациялау бойынша міндеттемені өз мойнына алды.

Құрамына депутаттар, мүдделі министрліктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін жұмыс тобы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына арналған зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырды.

Осыған байланысты, Заң жобасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған адамдарды, зейнеткерлерді және азаматтардың басқа да санаттарын зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін олардың төлемдерінің мөлшеріне тікелей әсер ететін параметрлерді жетілдіру жолымен арттыру жөнінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

  1. Бірінші топтағы мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын адамға берілетін жәрдемақыны енгізу

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 66,3 мың 1-топтағы мүгедектігі бар адам тұрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы айына 1,4 ЕТКД (45 735 теңге) мөлшерінде төленеді. Алушылар саны – 14,3 мың адам.

Сонымен қатар, қозғалуда қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерді қоғамға интеграциялау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда ілесіп жүру бойынша жеке көмекшінің қызметтерін ұсынады. Бұл қызметтерді 23 мың мүгедек алады.

Осылайша, 18 жастан кейін мүгедектік алған және жеке көмекшінің қызметтеріне көрсетілімдері жоқ шамамен 24 мың бірінші топтағы мүгедек күтім жөніндегі жәрдемақымен де, жеке көмекшілердің қызметтерімен де қамтылмаған. Бұл санат тұрақты күтім мен қадағалауды немесе комадағы, вегетативтік  жағдайдағы және т.б. мүгедектерді қамтиды.

1-топтағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларына қатысты тәсілдерді біріздендіру мақсатында бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасау жөніндегі жәрдемақыны оңтайландыру арқылы 1-топтағы мүгедектің күтімі жәрдемақыны енгізу жоспарлануда (1,4 ЕТКД-ден 45 735 теңге мөлшерінде).

Анықтама үшін: осы мақсатта 3 жылға қосымша 42,2 млрд. теңге республикалық бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен (2021 ж. – 13,5 млрд.теңге, 2022 ж. – 14,1 млрд. теңге, 2023 ж. – 14,6 млрд.теңге) қажет болады.

Бұл ретт, 1-топтағы мүгедектердің тыныс-тіршілігінің шектелуі әртүрлі болатынын ескере отырып (қозғалу, өз-өзіне қызмет көрсету, өзінің мінез-құлқын бақылау және т.б.) тыныс-тіршілігінің шектелуі мен базалық дағдыларын бағалау негізінде айына 176 сағат (күніне 8 сағат) шегінде күтім бойынша ең көп уақытты орнатумен жеке көмекшілердің қызметтерін (жеке гигиена, тамақтану, қозғалу, өз-өзіне қызмет көрсету және т.б.) көрсетуге қажеттілікті айқындау қажет.

Осыған орай, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер негізінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшілердің қызметтерін көрсету уақытын белгілеу қағадаларын әзірлейді.

Анықтама үшін: Германияда күтімнің 3 дәрежесі бар, бұл ретте үнемі қажет болған кезде айына 150 сағаттан астам көмек ұсынылады; Аустрияда 7 дәрежесі,Түркияда 6 дәрежесі бар, бұл ретте аптасына 30 сағат (айына 120 сағат) ұсынылады.

  1. Дискриминациялық терминологияның өзгеруі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ешкім қандай да бір кемсітушілікке ұшырай алмайды.

Бұдан басқа, Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектік белгісі бойынша кез келген адамға қатысты кемсітушілік адамның жеке басына тән қадір-қасиеттер мен құндылықтарға қысым жасауды білдіретінін мойындай отырып, мүгедектерге қатысты кемсітушілік болып табылатын қолданыстағы заңдарды өзгерту үшін тиісті, оның ішінде заңнамалық шаралар қолдануы тиіс.

2017 жылы БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысы Каталина Девандес-Агилар Қазақстанға ұлттық заңнама, саясат пен практиканың Конвенциядан туындайтын адам саласындағы мемлекеттік міндеттемелерге қаншалықты сәйкес келетініне баға беру мақсатында келген болатын. Сапардың қорытындысы бойынша Арнайы баяндамашы мүгедектерге қатысты қорлайтын сөздер немесе терминдерді жоюды және мүгедектіктің анықтамасын Конвенцияға сәйкес келтіруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігінің қолдауымен және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Стигма мен кемсітушіліктен бос балалар мүгедектігі бойынша дефинициялар мен индикаторларды әзірлеу» мүгедектігі бар балаларға қатысты кемсітуші терминологияны анықтау мәніне ұлттық заңнамаға талдау жүргізді.

Кодекстерді, заңдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бұйрықтарды түгендеу мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге алып келетін терминологияның пайдаланылатынын анықтады. Олар – «мүгедек балалар», «мүмкіндіктері шектеулі балалар», «кемшілік», «ақау», «ақыл-ой кемістігі», «түзету», «дамымау», «қалыпты дамудан ауытқу», «ақыл-ой бұзылуы», «жарақат», «ақыл-ой кемістігі». Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша сарапшылар мүгедектігі бар балаларға қатысты ұлттық заңнамада қолданылатын терминологияны өзгертуді ұсынды.

Осылайша, кемсітушілік терминологиясы пайдаланылатын қолданыстағы бірқатар заңнамалық актілерге «мүгедек» дефинициясын «мүгедектігі бар адам», «мүгедек бала» терминдеріне «мүгедектігі бар балаға» өзгерту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Анықтама үшін: бұл норма мүгедектігі бар 700 мың адамның құқықтарын қорғауға бағытталған және қаржылық шығындарды талап етпейді.

  1. Заңнамалық деңгейде «Абилитация» ұғымын енгізу.

Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектерге барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіби қабілеттерге қол жеткізу және сақтау және өмірдің барлық аспектілеріне толық қосу және тарту үшін мүмкіндік беру үшін тиімді және тиісті шараларды қабылдайды.

Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер қызметтер мен бағдарламалар жергілікті қоғамдастыққа және қоғам өмірінің барлық аспектілеріне тартуға және қосуға ықпал ететіндей, ерікті сипатта болатын және мүгедектер үшін олардың тікелей тұратын жерлеріне, оның ішінде ауылдық аудандарда мүмкіндігінше жақын жерде қолжетімді болатындай етіп кешенді абилитациялық және оңалту қызметтері мен бағдарламаларын, әсіресе денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы бағдарламаларды ұйымдастырады, нығайтады және кеңейтеді.

Абилитация ұғымы мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметке қабілеттерінің қалыптасу процесін білдіреді, бұл әлі де қалыптаспаған функциялар мен дағдыларды иемденуге немесе дамытуға алып келеді.

«Абилитация» сөзі латын тілінен шыққан, «habilis» дегенді білдіреді. Абилитациялау «өзі жеке болу» дегенді білдіреді және жоғалған қабілетін қалпына келтіру мағынасында қолданылатын «оңалту» сөзінің орнына пайдаланылады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге «абилитация» анықтамасын енгізу орынды деп санаймыз, бұл Конвенцияның 26-бабына сәйкес келеді.

  1. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тіршілік-тынысының шектелу дәрежесіне байланысты мүгедектік топтары бойынша бөлуге қатысты

Қазіргі уақытта Қазақстанда 92 мыңнан астам мүгедек бала тұрады, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 29,7 мың мүгедек бала, 7 жастан 16 жасқа дейінгі 53,8 мың мүгедек бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі 9,1 мың мүгедек бала.

Объективті өлшемшарттарды  енгізу үшін 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды организм функцияларының бұзылуының ауырлық дәрежесі бойынша бөлу ұсынылады, мүгедектіктің мынадай санаттарын белгілей отырып: бірінші топтағы мүгедек бала, екінші топтағы мүгедек бала, үшінші топтағы мүгедек бала (16 жастан 18 жасқа дейінгі балалардағы мүгедектік санаттарына ұқсас).

Талдау 7 жастан 16 жасқа дейінгі 53,8 мың мүгедек баланың 12,8%-ында едәуір білінетін бұзушылықтары, 39,7%-ында білінетін бұзушылықтары және 47,5%-ында орташа бұзушылықтары бар екенін көрсетті.

Балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу организм функцияларының бұзылу және жұмыс істеу дәрежесіне қарай мүгедек балаларға берілетін жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарау жолымен  көрсетілетін әлеуметтік оңалту мен көмекті саралауға мүмкіндік береді.

2021 жылдан 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін қайта қарауды былай бөлу ұсынылады:

- бірінші топтағы мүгедек бала– 1,92 ЕТКД немесе 65 860 теңге (16 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының қазіргі мөлшерінен 17 837 теңгеге өседі);

- екінші топтағы мүгедек бала– 1,59 ЕТКД немесе 54 541 теңге (16 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының қазіргі мөлшерінен 6 518 теңгеге өседі);

- үшінші топтағы мүгедек бала– 1,4 ЕТКД немесе 48 023 теңге (16 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының қазіргі мөлшерінен 6 860 теңгеге өседі).

Анықтама үшін: республикалық бюджеттен МӘЖ-ға қосымша бөлінетін қаражат 2021-2023 жылдарға 11971,2 млн. тенгені құрайды.

Ұқсас тәсілді арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуға қолдану ұсынылады.

Анықтама үшін: 2021-2023 жылдарға РБ-дан 1,3 млн.теңге қосымша шығын.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшерін өзгеріссіз қалдыру ұсынылады.

Бұл жаңашылдық мүгедек балаларды асыраушы 30 мыңнан астам отбасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

  1. Мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігін арттыру шараларын күшейту.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарды ескермей, мүгедектер үшін жұмыс орындары санының 2-ден 4%-ға дейінгі мқлшерінде квота белгілейді.

2020 жылғы 2-тоқсандағы жағдай бойынша 13,5 мың адамды жұмысқа орналастыруға квота белгіленді, оның ішінде 1 8 33 адам жұмысқа орналасты (2019 жылы – 4 мың адам, 2018 жыл -  4,9 мың адам, 2017 жылы – 2,9 мың адам).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында мүгедектігі бар адамдар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысады.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Бағдарлама қатысушылар құрамына:

  • мүгедектігі бар 8 944 адам қосылды, оның ішінде 8 906 адам жұмысқа, олардың ішінде 2 623 адам тұрақты жұмыс орындарына, 6 283 адам уақытша жұмысқа (әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар) орналастырылды;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 345 адам қамтылды;

- 151 адам микрокредит алды, оның ішінде 118 адам өз ісін ашты;

- 110 адам грант алды.

Сонымен бірге, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті мүгедектігі бар адамдарды қолдау шараларын көздейтін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды.

Бірінші. «Мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау» үкіметтік жобалық офисінің шеңберінде мүгедектігі бар адамдар арасында жұмыспен қамту деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өңірлерде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота келесідей белгіленеді:
50-ден 100-ге дейін адамы бар ұйымдар – 2%, 101-ден 250-ге дейін адамы бар ұйымдар  - 3% және 250-ден астам адамы бар ұйымдар - 4%.

Соңғы жылдардағы талдау нәтижесі жұмыс берушілер өз міндеттемелерін толық орындамайтынын көрсетті, сол себепті ірі және орта ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға қатысу тәсілдерін өзгерту ұсынылады.

Осыған байланысты, жұмыс берушілерге ынталандыру шаралары ретінде әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде шартты жеңілдікке әсер ететін өлшемшарт ретінде квотаны орындауды енгізу ұсынылады.

Екінші. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту мақсатында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің арнайы қорға (бұдан әрі - Оператор) өтемақы төлемдерін төлеуін енгізу ұсынылады.

Өтемақы жарналарын төлеу туралы бұл норма жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша белгіленген квотаны орындамағанына байланысты. Бұл ретте, жұмыс беруші мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша белгіленген квотаны орындаудан, өтемақы жарналарын операторға төлеген кезде босатылады деп көзделген.

Жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамау үшін өтемақы жарналарын төлеу және жұмсау, сондай-ақ  көлемін есептеу тәртібін айқындайды.

Оператордың негізгі функциялары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындамағын үшін өтемақы жарналарын шоғырландыру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жүзеге асыру бойынша келісімшартты жасау болып табылады.

Сонымен қатар, операторға жұмыс орындары квотасын орындауға мониторинг жүргізу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындамағаны үшін өтемақы жарналарының мөлшерін есептеудің дұрыстығына және жұмыс берушінің уақтылы төлеуіне талдау жасау жүктелетін болады.

COVID-19 пандемиясына, карантиндік шектеу  шараларын енгізуге байланысты ағымдағы экономикалық жағдайды сондай-ақ бизнес-процесстерді автоматтандыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуді ескере отырып,  осы нормаларды 2023 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр.

Бұл практика ЭЫДҰ елдерінде (Жапония, Германия, Франция, Аустрия), Қытайда кеңінен таралған және Ресейдің 5 өңірінде енгізілуде.

Анықтама үшін: ӘҚБтК 98-бабы-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 7 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 АЕК.

  1. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырғаны үшін жеке агенттіктерге бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер тарифтерінің шекті деңгейін ұлғайту.

Бүгінгі күні қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен мүгедектігі бар адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасуға құқылы.

Барлық еліміз бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жүйесінің желісін кеңейту, сондай-ақ жұмыс іздеушінің, сол сияқты  жұмыс берушінің өтініш беру процесін жеңілдету мақсатында еңбек делдалдығы және жұмыссыздарды жұмыспен қамту бойынша қызметтерді жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне аутсорсингке беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары, олар көрсететін қызметтердің тарифтердің шекті деңгейлері анықталған.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және халықты жұмыспен қамту саласында қызметтерді көрсетуге жеке секторды тарту үшін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге тарифтердің шекті деңгейлерге өзгеріс енгізу көзделген.

Біріншіден, аутсорсинг қызметтері туралы шарттарда жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің жағдайларын аутсорсинг қызметтері туралы шарттар бойынша ізденішулерді жұмыспен қамту мерзімін 12 айдан 6 айға дейін қысқарту арқылы жақсарту көзделген.

Екіншіден, халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтеріне қатысуға үміткер жеке жұмыспен қамту агентіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын төмендету.

Үшіншіден, халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге тарифтердің шекті деңгейлерін еліміздеге ең төмен және орташа жалақымен сәйкестендіру.

Осыған байланысты өтемақы төленетін мүгедектігі бар адамдар үшін тарифті кемінде 5 есеге (52 мыңнан 240 мың теңгеге дейін) нарықтық деңгейге дейін ұлғайту қажет.

Министрлік жүргізіп жатқан жұмыс жеке жұмыспен қамту агенттіктері көрсетіп жатқан қызметтердің сапасын арттыруға, жұмыссыздарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтудың өсуін қамтамасыз етеді, бос жұмыс орындарының базасы кеңейтіледі. Бұл ретте жеке агенттіктер әрбір өтініш білдірген адаммен жұмысында жеке тәсілдерін қамтамасыз етеді.

  1. Еңбек жарақатының немесе кәсiптiк аурудың салдарынан мүгедек болған адамдарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету.

Заңға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, санаторий-курорттық жолдамалармен (бұдан әрі - ОТҚ) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда ОТҚ мен санаторий-курорттық емдеу мүгедекке мемлекет есебінен ұсынылады.

Бұл ретте, мүгедектер кәсіпорын қызметінің тоқтап тұруы (әрекетсіздігі) кезеңінде немесе банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде ОТҚ алу мүмкіндігінен айырылады.

Осыған байланысты, жұмыс берушінің міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған кезде еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектік алған адамдарға мемлекет есебінен көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылады.

Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу жұмыс берушіге қатысты оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген жағдайда және банкроттық рәсімдерін өткізу кезеңінде және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi шешім қабылдағанға дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынылады.

ОТҚ-мен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүргізілетін болады.

Анықтама үшін: бүгінгі күні Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорына сәйкес 9,6 мың еңбек жарақатынан және кәсіптік аурудан мүгедек, ОТҚ-мен қамтамасыз ету ұсынылған 3,6 мың мүгедектің ішінен 1,7 мыңы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілді.

  1. Мүгедектігі бар адамдарға қатысты тұрғын үй заңнамасының нормаларын жақсарту.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға басым құқық мынадай санаттарға ие болады: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына 1 және 2-топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар да кіретінін атап өту қажет.

Нәтижесінде 18 жасқа дейін баспана алмаған мүгедек балалар «1 және 2-топтағы мүгедектер» санаты бойынша мүгедектігі белгіленгенге дейін кезекке қайта тұруға тиіс.

Осыған байланысты есептен шығарылмауға тиіс санаттарға кәмелет жасқа жеткеннен кейін мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларды қосу ұсынылады.

  1. Инватакси қызметтерін, табысы аз отбасылардың балаларын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуді, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Әлеуметтік қызметтер порталына көшіру.

Бірінші. Қазіргі уақытта Заңда  «инватакси» деген ұғым жоқ. Аталған қызметті «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қазандағы №859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес қосымша қолдау шарасы ретінде жергілікті атқарушы органдар ұсынады.

Сонымен қатар, инватакси жүріп-тұруы шектелген адамдарды қолдаудың маңызды шараларының бірі болып табылады, осыған байланысты мүгедектердің жекелеген санаттарының оларды әлеуметтік оңалту үшін инватакси қызметтерін алуға кепілдік беретін құқығын заңды түрде бекіту қажет.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда мамандандырылған көлік мүгедектігі бар адамдарға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен тікелей шарттар жасасу арқылы ғана берілетінін атап өткен жөн. Жеке таксопарктердің қызмет көрсетуге қатысуға мүмкіндігі жоқ.

Сонымен бірге, қызметтердің сапасы, бір күн бұрын таксиге тапсырыс беру қажеттілігі, бір таксиге бірнеше адам жинау және т.б. туралы көптеген шағымдар бар.

Мүгедектігі бар адамдардың көпшілігі арнайы жабдықталған көліктерге мұқтаж емес болғандықтан, мүгедектігі бар адамдар басқа такси қызметтерін пайдалану мүмкіндігін енгізуді ұсынды.

Осыған байланысты инватакси қызметін Әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру жоспарлануда, содан кейін мүгедектігі бар адамдар такси қызметін өздері таңдай алады және ыңғайлы мобильді қосымшалар арқылы таксиге тапсырыс бере алады. Инватакси қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадан алып тастау бәсекелестік орта қалыптастырады, бұл жол жүру құнын төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бизнес-процестерді цифрлауға және функционалды әзірлеуге байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше өңірде пилоттық жобаны іске қосу және 2023 жылдан бастап барлық жерде ауысуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Екінші. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы аз отбасылардағы мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы кіретін кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілуде. Топтамаларды жеткізуді жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жеріне дейін жеткізіп беруші арқылы жүзеге асырады.       

Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібін жеңілдету және алушылар үшін жеткізушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігінің болуы үшін заң жобасында процеске қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін көрсете отырып, аталған топтаманы Әлеуметтік қызметтер порталына енгізу ұсынылады.

Портал арқылы жыл сайын 200 мыңнан астам бала жалпы сомасы 30 млрд. теңгені құрайтын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға құқық беретін жасты айқындауға, алушының жалған ақпарат және (немесе) көмек тағайындау үшін анық емес құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге, көмек тағайындау кезінде отбасы құрамына, объективті себептерге байланысты ата-анасымен (отбасымен) бірге тіркелу және тұру мүмкіндігі жоқ балаларды тіркеуге қатысты бірқатар нақтылаушы түзетулер, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек бойынша кредиторлық берешек болған жағдайда жергілікті уәкілетті органның іс-әрекетін реттеуге қатысты түсініктемелер ұсынылады.

Үшінші. Өмірлік қиын жағдайдан шығу, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру және басқа азаматтармен тең жағдайларда қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында адамдарға стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Бюджет есебінен көрсетілетін қызметті алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылады. Әрбір адамның жеке қажеттіліктеріне байланысты кешенді түрде ұсынылатын бұл қызметтер жүйелі оңалтуды қамтамасыз етеді, яғни тіршілік әрекетінің жоғалған функцияларын өтейді және алмастырады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар (мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар) әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден өтеді.

Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық тұғырнамасының бөлігі бола отырып, Әлеуметтік қызметтер порталы көрсетілетін қызметті алушыға өз қалауы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер мен ұйымдарды таңдауға мүмкіндік береді, бұл ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға оң әсер етеді.

Әлеуметтік қызметтер порталы штат кестесі, қызметкерлер (білімі, мамандығы, лауазымы және т.б.) бойынша деректерді көрсете отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін өнім берушілердің тізілімін қамтиды, сондай-ақ сертификатталған мамандардың неғұрлым кең ауқымы қолжетімді болады, барлық ұйымдардың жарақтандырылуы мен жұмыс жүктемесі жеке ескерілетін болады.

Анықтама үшін: бұл нормалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 931 ұйымға, оның ішінде стационар және жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайына, оңалту және дағдарыс орталықтарына қатысты болады.

 

  1. Инватакси қызметтерін Әлеуметтік қызметтер порталына арқылы ұсыну.

Қазіргі уақытта «мүгедектерді әлеуметтік қорғау «инватакси» деген ұғым жоқ. Аталған қызмет «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қазандағы №859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. бұйрығына сәйкес қосымша қолдау шарасы ретінде жергілікті атқарушы органдармен ұсынылады.

Сонымен қатар, инватакси жүріп-тұруы шектелген адамдарды қолдаудың маңызды шараларының бірі болып табылады, осыған байланысты мүгедектердің жекелеген санаттарының оларды әлеуметтік оңалту үшін инватакси қызметтерін алуға кепілдік берілген құқығын заңды түрде бекіту қажет.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда мамандандырылған көлік мүгедектігі бар адамдарға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен тікелей шарттар жасасу арқылы ғана берілетінін атап өткен жөн. Жеке таксопарктер қызмет көрсетуге қатысуға мүмкіндігі жоқ.

Сонымен бірге, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері ұсынатын қызметтердің сапасы, күніне таксиге тапсырыс беру қажеттілігі, бір адамды бірнеше таксиге жалдау және т.б. туралы көптеген шағымдар бар. Мүгедектігі бар адамдардың көпшілігі арнайы жабдықталған көліктерге мұқтаж емес болғандықтан, мүгедектерге басқа такси қызметін пайдалану мүмкіндігін таныстыруға шақырылады.

Осыған байланысты инватакси қызметін Әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру жоспарлануда, содан кейін мүгедектігі бар адамдар такси қызметін өздері таңдай алады және ыңғайлы мобильді қосымшалар арқылы таксиге тапсырыс бере алады. Инватакси қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадан алып тастау бәсекелестік орта қалыптастырады, бұл жол жүру құнын төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бизнес-үдерісті цифрлауға және функционалды әзірлеуге байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше өңірде пилоттық жобаны іске қосу және 2023 жылдан бастап барлық жерде ауысуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

  1. Аз қамтылған отбасылардың балаларын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз ету.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасылардағы мектеп жасына дейінгі балалары азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химиялық заттар кіретін кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілуде. Топтамаларды жеткізу жергілікті атқарушы органдармен тұрғылықты жеріне дейін жеткізіп беруші арқылы жүзеге асырылады.       

Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібін жеңілдету және алушыларға жеткізушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігі болуы үшін, заң жобасында процеске қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін ескере отырып, аталған топтаманы Әлеуметтік қызметтер порталына енгізу ұсынылады.

Портал арқылы жыл сайын 200 мыңнан астам балалар жалпы сомасы 30 млрд. теңгені құрайтын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға құқық беретін жасын айқындауға, алушының жалған ақпарат және (немесе) көмек тағайындау үшін анық емес құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге, көмек тағайындау кезінде отбасы құрамына, объективті себептерге байланысты ата-анасымен (отбасымен) бірге тіркелу және тұру мүмкіндігі жоқ балаларды тіркеуге қатысты бірқарат түзетулерді енгізу, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек үшін кредиторлық берешек болған жағдайда жергілікті уәкілетті органның іс-әрекетін реттеуге қатысты түсіндірмелерді айқындау ұсынылады.

  1. Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету.

Өмірлік қиын жағдайдан шығу, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру және басқа азаматтармен тең жағдайларда қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында адамдарға стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Бюджет есебінен көрсетілетін қызметті алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылады. Әрбір адамның жеке қажеттіліктеріне байланысты кешенді түрде ұсынылатын бұл қызметтер жүйелі оңалтуды қамтамасыз етеді, яғни тіршілік әрекетінің жоғалған функцияларын өтейді және алмастырады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар (мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар) әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден өтеді.

Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық тұғырнамасының бөлігі бола отырып, әлеуметтік қызметтер порталы көрсетілетін қызметті алушыға өз қалауы бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер мен ұйымдарды таңдауға мүмкіндік береді, бұл ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға оң әсер етеді.

Әлеуметтік қызметтер порталы штат кестесі, қызметкерлер (білімі, мамандығы, лауазымы және т.б.) бойынша деректерді көрсете отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін өнім берушілердің тізілімін қамтитын болады, сондай-ақ сертификатталған мамандардың неғұрлым кең ауқымы қолжетімді болады, барлық ұйымдардың жарақтандырылуы мен жұмыс жүктемесі жеке ескерілетін болады.

Анықтама үшін: бұл нормалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 931 ұйымға, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, оңалту және дағдарыс орталықтарына қатысты болады.

Бұған қоса, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілетін тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру тетіктерін жетілдіруге арналған да басқа  нормаларды қосу көзделген.

  1. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын жетілдіру.

Біріншіден, Заңның 1-бабының 3-тармағына сәйкес бір мезгілде әртүрлі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады (не мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша).

Демек, ата-анасының біреуі және тіпті екеуі қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, мүгедек балаға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалмайды, себебі ол мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.

Құрамында мүгедек балаcы бар толық емес отбасының жағдайы іс жүзінде ата-анасының ажырасу жағдайына қарағанда ата-анасы қайтыс болған жағдайда едәуір нашар.

Салыстыру үшін, егер ата-аналар некені бұзса, отбасын тастап кеткен ата-ана кәмелетке толмаған балаларына алимент төлейді.

Бұл ретте «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 139-бабының 2-тармағына сәйкес балаға алименттің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып көбейтуі мүмкін. Ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбек етуге қабілетсіз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-ананы тартуы мүмкін.

Ата-анасы қайтыс болған жағдайда мүгедек бала мемлекеттен ешқандай қосымша әлеуметтік қолдау алмайды.

Осыған байланысты, асыраушысынан айырылған, құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру мақсатында он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балаларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша) екі түрін бір мезгілде алу мүмкіндігін беру жолымен  осы мәселені реттеу ұсынылады.

Анықтама үшін: қосымша қажеттілік  2021 жылы – 1 169,0 млн.теңгені, 2022 жылы – 1 215,8 млн. теңгені, 2023 жылы – 1 264,5 млн. теңгені құрайды.

Екіншіден, мүгедектіктің белгіленгіен мерзімінің өтуіне дейін оны қайта куәландыру кезінде адамның  еңбек етуге қабілеттілігі расталған жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу мәселелерін реттеу қажет. Мәселен, Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін жүзеге асырылады. Мүгедектікті мерзімінен бұрын ағымдағы айда алған кезде мүгедек кінәсынан емес ақша қаражатына артық төлемдер қалыптасады (мысалы, мерзімсіз белгіленген мүгедектік ағымдағы айдың 15-күні «алынады», ал ағымдағы ай үшін төлемдер айдың басында, айталық 5-күні жүргізілген).

Осыған байланысты, Заңның 10-бабының 2-тармағына қосымша бюджет қаражатына алып келмейді деген өзгеріс енгізу ұсынылады.

  1. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне қатысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жекелеген мәселелерді жетілдіру.

Әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін ұсыну мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді, оған құқықтың күші 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған болатын. Бұған дейін оның еңбек сіңірген жылдары үшін (45 жастан бастап) зейнетақы төлемдерін тағайындаумен бір мезгілде тағайындалғаны белгілі, бұл анағұрлым өмірлік кезеңге бағдарланған осы төлемнің мәніне объективті түрде қайшы келеді.

Бұл ретте, мерзімінен бұрын жасына байланысты зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтардың басқа да санаттарына (төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылдың 29 тамызынан бастап 1963 жылдың 5 шiлдесіне дейінгі кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтарға, ерлерге – 50 жасқа толғанда, әйелдерге 45 жасқа  толғанда; 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда) Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес (ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығы) базалық зейнетақы жойылмай, жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа (ерлер – 63 жас, әйелдер - 58,5\63 жас) толған кезде берілетін болды.

Бұл ретте 2018 жылғы шілдеге дейін базалық зейнетақы мөлшерінің барлық алушылар үшін бірдей болғаны, ал қазір ол еңбек өтіліне байланысты екені (оның мөлшері еңбек өтілі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп болады) маңызды факт болып табылады.

Базалық зейнетақы тағайындау әдістемесінде орын алған өзгерістерді ескере отырып, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері үшін оны жою белгілі бір дәрежеде олардың мемлекет игілігі үшін еңбек үлесін (қызметін) жоққа шығарады, осыған байланысты оны зейнетақы туралы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген зейнеткерлік жасқа толғанда беру ұсынылады.

Бұл шара қызмет кезеңінде ақшалай қамтылымы жоғары болмаған әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді (өсімі ең төмен күнкөріс деңгейінен 54-100%-ға дейін құрайды).

2016 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған алушылар жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа орташа 15 жылдан кейін жететіндеріне байланысты, осы норма бойынша таяу жылдарға арналған шығыстар күтілмейді.

  1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауда орташа айлық кірісті есептеу мәселелерін жетілдіру.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу 1995 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез-келген үш жыл ішіндегі орташа айлық кіріс негізге алына отырып жүзеге асырылады. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген кезеңде алынған кірісті қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық кірістің мөлшері орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кіріске сәйкес белгіленеді.

Бұл норма 1995 жылдан 1997 жылға дейінгі кезең үшін кіріс тағайындалған зейнетақы мөлшеріне іс жүзінде әсер етпейтіндіктен, зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерінен артық тағайындауға құқық бермейтіндіктен, жетілдіруді талап етеді.

Бұдан басқа, 1995-1997 жылдар үшін кірістен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылмады.

Осы нормаға өзгерістер енгізу жұмыс берушіден кірістер туралы құжаттарды талап етпестен, міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталық дерекқорда бар деректер негізінде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, эпидемиялогиялық жағдайға байланысты елдегі төтенше жағдай кезеңінде жұмыс істейтін азаматтар карантинде, ақысы төленбейтін демалыста және басқасында мәжбүрлі болды.

Сонымен бірге, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес қызметіне «0» коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдар міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударудан босатылған, бұл қосымша шаралар қабылдаусыз болашақ зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер етеді.

Осыған байланысты, халық тарапынан наразылықты болдырмау үшін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін есепке алуды көздейтін бірқатар түзетулер енгізу ұсынылады:

- ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу кезеңдері (орталықтандырылған дерекқордағы деректердің негізінде);

- жұмыс берушінің анықтамасы негізінде қызметіне «0» коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуден босату кезеңдері.

  1. Мүгедектікті алып тастау немесе мүгедектік тобын және (немесе) мерзімін өзгерту жағдайында мерзімсіз 1, 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру (жою) мәселелерін реттеу.

Заңның 31 және 32-баптарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Мүгедектігі алынған немес мүгедектік тобының (үшінші топтағы мүгедекке ауысуы) және (немесе) мерзімінің (мерзімсіз емес) өзгеруі жағдайында бқл адамдарға БЖЗҚ-дан бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру (жою) мәселелерін реттеу қажет, бұл Заңның көрсетілген нормаларына толықтырулар енгізуді талап етеді.

15. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем сомасының кепілдендірілген деңгейін белгілеу

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдер балаға (балаларға) күтімді жүзеге асыратын мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, яғни бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына тағайындалады.

Сонымен қатар, аталған төлемді алушыларды талдау қорытындылары барлық төлем алушылардың жартысына жуығы төлемдерді тағайындау кезеңінде еңбек қызметтерін жалғастыру немесе жеке кәсіпкерлік қызметтерден табысы бар екендігін, яғни табысынан айырылу фактісі жок екендігін көрсетеді.

Баласы бар жұмыссыз ата-ананың республикалық бюджеттен төленетін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар екенін атап өткен жөн.

Сондықтан, жұмысқа шығуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы фактісінің болмауына байланысты әлеуметтік төлемді тоқтату оның жұмыссыз ата-анасына қатысты құқығын бұзады.

Төлемдерді тағайындау кезеңінде алушының жұмысқа шығуына байланысты жұмыс жасайтын азаматтардың құқықтарын бұзуды жою мақсатында әлеуметтік төлемдер мөлшерін мемлекеттік жәрдемақыға ұқсас деңгейге жеткізу ұсынылады:

1 балаға 5,76 айлық есептік көрсеткіш;

2 балаға 6,81 айлық есептік көрсеткіш;

3 балаға 7,85 айлық есептік көрсеткіш;

4 және одан көп балаға 8,9 айлық есептік көрсеткіш.

Бұл ретте, алушыларға төлемдерге қосымша Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 10%міндетті зейнетақы жарналары аударылады.

Осылайша, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдердің ең төмен деңгейіне кепілдік беріледі.

  1. Ана мен баланы әлеуметтік қорғаудың кейбір мәселелерін жетілдіру

 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы тағайындау туралы жазбаша өтініш беру көзделген.

Алайда, COVID-19 таратылуымен байланысты соңғы оқиғалар кейбір сұранысқа ие жәрдемақы түрлеріне сұрауларды электрондық үкімет порталы арқылы беру, сондай-ақ проактивті қызметтерді ұсынуға көшу қажеттілігін көрсетті.

Бұл жағдайда жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш беру мүмкіндігі азаматтардың қолайлылығы үшін сақталады.

Сонымен бірге, із-түссіз жоғалған, іздеудегі, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған немесе одан шыққан, шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, оралманның мәртебесін растайтын құжаттың қолданылу мерзімі өткен, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған адамдардың мемлекеттік наградаларынан айырылған жағдайда жәрдемақыларды тоқтата тұру бойынша құқық қолдану практикасында туындаған және қажетті кейбір нормалармен толықтыру ұсынылады.

Сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулер көзделеді.

  1. Ардагерлердің кейбір мәселелерін жетілдіру.

Қазіргі уақытта үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері үшін 138,63 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Сонымен қатар, бүгінде Қазақстанда үш дәрежелі Даңқ ордендерінің кавалері болып табылатын тірі адамдар жоқ.

Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, бұл санатты «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан алып тастауға болады деп санаймыз.

Бұл ретте, «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарды еңбек ардагерлері ретінде тану ұсынылады.

Cонымен қатар, еңбек ардагерлеріне жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын, КСРО-ның немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған, не КСРО-ның немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған азаматтар жатады.

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционердік қоғамы және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарының зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттік бақылау мәселесін реттеу.

 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 4-тармағына және 92-бабының 1-тармағының
1,2) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның лауазымды адамдарының зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды толық мөлшерде және (немесе) заңнамада белгіленген мерзімде төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның лауазымды адамдарының белгіленген мерзімдерді бұзғаны және тағайындалған әлеуметтік төлемдер мөлшерінің толықтығы үшін әкімшілік жауапкершілігі көзделген.

Осы бағытта бақылау функцияларын іске асыру тексерулер жүргізу тетігі және әкімшілік жазалар қолданудың бекітілген алгоритмі болған кезде мүмкін болады. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу және бекіту талап етіледі. Алайда, қолданыстағы Кодексте зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру салалары нақты көрсетілмегендіктен, бұл мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың рычагы мен негізі болар еді. Салалық заңдарда «зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік бақылау» ұғымының болмауы сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да осы бағыттағы заңнаманың сақталуына және лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігін қолдану мәніне тексерулер ұйымдастыруды қиындатады.

Іс жүзінде зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды төлемге уақытында енгізбеу және төлемнен алып тастамау фактілері орын алады, бұл олардың толық зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға конституциялық құқығын бұзады.

МӘСҚ АҚ-дан әлеуметтік төлемдер алушыларға қатысты жұмыс берушілер тарапынан толық емес, дұрыс емес және жалған әлеуметтік аударымдарға байланысты заңсыз тағайындау қатері де бар.

Аталған бұзушылықтар бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға алып келеді және тұрақты бақылауды талап етеді.

Осыған байланысты, зейнетақы және әлеуметтік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қойылған барлық міндеттерді тиімді орындау мақсатында, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол бермеу үшін зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді төлеудің толықтығы мен уақтылылығы бөлігінде, оның ішінде заңсыз төлемдерге жол бермеу бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі тетікті қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында бірқатар салалық заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.

  1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы стратегиялық құжатты бекіту бойынша Үкіметтің құзыретін кеңейту.

Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын үш кезеңде іске асыру аяқталды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мүгедек адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін стратегиялық құжат әзірленді.

 Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы алған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады.

Бұл ретте, қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша ұлттық жоспарды әзірлеу құзыреті жоқ.

   

 

  1. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

 

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – мүгедектігі бар адамдарға қатысты заңнамадағы кемсіту терминдерін жою, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыруды ынталандыру, мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың,  зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды, оның ішінде әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін жерлеуге берілетін біржолғы төлемдердің мөлшерін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жетілдіру болып табылады.

 

  1. Заң жобасының реттеу мәні

 

Заң жобасының реттеу мәні әлеуметтік қорғау, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

 

  1. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны

 

         Заң жобасының құрылымы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін 1-баптан және заңды қолданысқа енгізу тәртібін көздейтін 2-баптан тұрады.

1-бап. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

  • 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы                  26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

4) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

  • 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық

Кодексі;

6) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі;

7) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi;

8) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім);

9) 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

10) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік

Кодексі;

11) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

         12) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

13) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

14) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы                         29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

15) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

16) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

17) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         18) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

19) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         20) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

21) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

22) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы
17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

23) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

24) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

25) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         26) «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

         27) «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

         28) «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

         29) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         30) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

       31) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

            32) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

33) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

34) «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

35) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

36) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

37) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

38) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

39) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

40) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

41) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

42) «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

43) «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

44) «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы
21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы;

45) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

46) «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

47) «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

48) «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

49) «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

50) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

51) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

52) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;  

53) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

54) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

55) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

56) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

57) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы
5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

58) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;  

59) «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

60) «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

61) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

62) «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

63) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

64) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы
29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

65) «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

2-бап. Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібі.

 

  1. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге

жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

 

Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша «әрекетсіз»,  өзектілігін жоғалтқан жеңілдіктер мен кепілдіктерді ұсыну көзделген нормалар анықталды.

Нормативтік-құқықтық актілерді түгендеуді және өзектендіруді жүргізу әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға, құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыруға қол жеткізуге алып келеді.

 

  1. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

 

Ұсынылып отырған заң жобасын қабылдау елдегі қоғамдық-саяси жағдайға жағымды әсер етеді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асырудағы ведомствоаралық тәсілді айқындайды. Заң жобасы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға және олардың тәуелсіздігіне қол жеткізуге, әлеуметтік, кәсіби қабілеттерін сақтауға және өмірдің барлық аспектілеріне қосылуына мүмкіндік береді.

Заң жобасы сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскери қызметшілерді қорғаудың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны бір мезгілде алуға құқық ұсыну; азаматтардың жекелеген санаттары үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу, зейнетақы заңнамасының ескірген және өзекті емес нормаларын жетілдіру көзделеді.

Заң жобасын қабылдағаннан кейін әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру, атап айтқанда мемлекеттік органдардың функцияларын айқындау, әлеуметтік қолдау көрсету шарттарын нақтылау, декларативтік нормаларды алып тастау болжанады.

Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.

 

  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетіп жатқан

заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі

 

Басқа заңнамалық актілерді әзірленген заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі жоқ.

 

  1. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтiк

құқықтық актілермен реттелуі

 

Осы заң жобасының шеңберінде қаралатын қоғамдық қатынастар мынадай заңнамалық актілерде регламенттеледі:

  • 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы                  26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

4) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

  • 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық

Кодексі;

6) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі;

7) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi;

8) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім);

9) 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

10) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік

Кодексі;

11) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

         12) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

13) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

14) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы                         29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

15) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

16) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

17)«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         18) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

19) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         20) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

21) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

22) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

23) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

24) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

25) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         26) «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

         27) «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

         28) «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

         29) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

         30) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

       31) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

            32) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

33) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

34) «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

35) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

36) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

37) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

38) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

39) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

40) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

41) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

42) «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

43) «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

44) «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы;

45) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

46) «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

47) «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

48) «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

49) «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

50) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

51) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

52) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;  

53) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

54) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

55) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

56) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

57) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

58) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;  

59) «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

60) «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

61) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

62) «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

63) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

64) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы
29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

65) «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі

 

  1. Қаралып жатқан мәселе бойынша

халықаралық тәжірибенің болуы

 

Халықаралық практикада мүгедектердің қоғамдағы толыққанды өмірге құқықтарының теңдігін тану және мүгедектердің оңалуы мен қоғамға әлеуметтік интеграциялануы үшін мемлекеттердің нақты жағдайлар жасау үрдісі байқалады.

Көптеген елдерде ағылшын тілінен шыққан және сөзбе-сөз «әлсіз», «ауырғыш» дегенді білдіретін «мүгедек» (invalid) сөзі мүгедектігі бар адамға қатысты қолданылмайды.

Конвенция мәтінінде, сондай-ақ Англия, АҚШ, Аустралия, Греция, Франция, Германия сияқты бірқатар батыс елдерінің заңнамасында «мүгедектігі бар адам» (регѕопѕ with disabilities), «мүмкіндіктері шектеулі адам» терминдері пайдаланылады.

Посткеңестік кеңістікте Ресей, Белоруссия, Әзірбайжан сияқты мемлекеттер өз заңнамасында «мүгедек» деген терминді сақтап қалды. Сонымен қатар, Молдова, Литва, Эстония, Қырғызстан, Украина елдерінде «мүгедек» термині «мүмкіндіктері шектеулі адам», «сырқаты бар адам», «ерекше қажеттіліктері бар адам», «денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адам», «мүгедектігі бар адам» деп ауыстырылған.

Ұлыбритания, Ирландия, Норманд аралдары және Мэн аралы кіретін бірыңғай иммиграциялық кеңістікте тұратын адамдардың 16 жастан асқан мүгедекке күтім жасау жөніндегі жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл жәрдемақы, егер мүгедек мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын болса да, аптасына кемінде 35 сағат мүгедекке күтім жасайтын адамдарға  беріледі. Алайда, бұл адамның табысы салық және сақтандыру шегерімдерін ескере отырып, аптасына 116 евродан кем болуға тиіс. Босқындарды қоспағанда, өткен үш жылдың кем дегенде екеуінде Ұлыбританияда тұру жәрдемақы тағайындау шарты болып табылады.

Германияда 20-дан астам жұмыс орны бар кәсіпорындар мүгедектіктің ауыр түрімен ауыратын адамдарға 5% жұмыс орнын беруге міндетті. Әрбір үшінші неміс кәсіпорны осы заңды ұйғарымды орындамайды немесе жеткілікті дәрежеде орындамайды. Осы міндеттемелерді орындамайтын кәсіпорындар мүгедек үшін көзделген әрбір жұмыс орны үшін өтемақы алымын төлеуге тиіс, оның мөлшері квотаға байланысты айына 115-тен 290 еуроға дейін құрайды.

Францияда, Германиядағы сияқты, жұмыс орындарын квоталау жүйесі жұмыс істейді. Штатында 20-дан астам жұмыскер бар кәсіпорындар заң бойынша мүгедектігі бар адамдардың 2%-ын жұмысқа орналастыруға міндетті. Екі елде де мүгедектігі бар адамдардың біліміне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер үшін бірқатар ынталандыру шаралары қарастырылған. Мүгедек жұмыскерлермен бір жылдан артық мерзімге келісімшарт жасасқан компаниялар осындай әрбір жұмыскер үшін мемлекеттік біржолғы төлемдерді алады.

Осылайша, мүгедек жұмыс істемейтін әр жұмыс орны үшін «қаржылық айыппұл» төленуге тиіс. Осы санкцияларға қарамастан, ауыр мүгедектігі бар жұмыссыздардың пайызы мүгедектігі жоқ жұмыссыздардың санынан екі есеге көп.

Мүгедектіктің ауыр нысандары бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаның орындалу көрсеткіштерін жақсарту бөлігінде кәсіпорындардың міндеттемелерін енгізу бойынша қарау болжанып отыр. Осы мақсатқа қол жеткізу шарасы ретінде мүгедекке жұмыс орнын ұсынбағаны үшін өтемақы алымының мөлшерін арттыру, квотаны 5%-дан 6%-ға дейін арттыру болып табылады.

ТМД елдеріндегі әлеуметтік саясатқа шолу қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды іске асырудың басталғанын куәландырады.

Мәселен, Ресейде 2015 жылғы желтоқсанда атаулылық және мұқтаждық өлшемшарттарын қолдануды ескере отырып, әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды оңтайландыруға бағытталған № 388-ФЗ Федералдық заң қабылданды.

Аталған Заңмен енгізілген өзгерістер:

- ардагерлер санаттарының тізбесін қысқартуды (мемлекеттік қызмет ардагерлері алып тасталды);

- азаматтардың қоныс аудару аймақтарында тұрақты, қоныс аудару құқығымен тұру, жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебемен тұру (жұмыс істеу) мерзімін міндетті түрде есепке ала отырып, радиация әсеріне ұшыраған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы нормалардың нақтылануы көзделген.

Украинада 2016 жылдың басында әлеуметтік қорғау және атаулы көмек жүйесін неғұрлым мұқтаж азаматтардың пайдасына оңтайландыру үшін әлеуметтік төлемдердің аудитіне және верификациясына бастамашылық жасалды.

Тұтастай алғанда, шетелдік тәжірибеге шолу әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау жөніндегі міндеттерді қою көптеген елдерде саясаттың іргелі негізі ретінде сақталатын әлеуметтік мемлекеттің идеологиясына күмән тудырмайтынын куәландырады.

  1. Заң жобасын іске асыруға байланысты

болжанатын қаржылық шығындар

 

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен:

- 1-топтағы 23 480 мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақыны енгізуге 42,2 млрд.теңге (2021 жылы – 13,5 млрд. теңге,                      2022 жылы – 14,1 млрд.теңге, 2023 жылы – 14,6 млрд.теңге);

-    16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды мүгедектік топтарына бөлген кезде топтар бойынша мүгедек балаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қосымша 11,9 млрд. теңге (2021 жылы – 3,6 млрд.теңге, 2022 жылы – 3,7 млрд.теңге, 2023 жылы – 4,6 млрд.теңге);

- топтар бойынша мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қосымша 1 367 млн.теңге (2021 жылы – 437 мың теңге, 2022 жылы – 456 мың теңге, 2023 жылы – 474 мың теңге);

 - он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, бірінші, екінші және үшінші топтағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрін (мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша) бір мезгілде алуға
3 3649,3 млн. теңге (2021 жылы – 1 169 млн. теңге, 2022 жылы – 1 215,8 млн. теңге, 2023 жылы – 1 264,5 млн. теңге) сомасында қосымша шығындарды талап етеді.

Дата публикации
03 сентября 2020