Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.

Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші Министрлікте аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

Аккредиттеуді жүргізу үшін құжаттарды қабылдау – Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап
2024 жылғы 20 наурызды қоса алғанда, электрондық мекенжай бойынша: m.magel@enbek.gov.kz

Телефон: 74-31-45.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы хабарлама
Дата публикации
05 марта 2024