Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде еңбекті қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстың нәтижелері туралы хабарлайды
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 7-тармағына сәйкес «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» ғылымды дамытудың басым бағыты бойынша және «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология» ғылымды дамытудың басым бағыты бойынша еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы зерттеулер бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы «ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК болып табылады.