2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі аудит департаменті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде 2 аудиторлық іс-шаралар жүргізді.
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ-де тиімділік және сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың ақпанында өткізілді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 68,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар – 63,7 мың теңге;
- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 6 тармақ 4,6 мың теңге.
Өтелуге тиісті қаржылық бұзушылықтардың сомасы 63,7 мың теңге аудит барысында толық көлемде өтелді.
Аудит нәтижесі бойынша аудит объектісіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, аталған бұзушылықтарды жіберген кінәлі жауапты тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіпте қарауға шешім жіберілді.
Аудит объектісінен келген ақпаратқа сәйкес анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер назарға алынды және жойылды.
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ-де сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың наурызында өткізілді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 235,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар – 1 722,9 мың теңге;
- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 6 тармақ 512,1 мың теңге.
Өтелуге тиісті қаржылық бұзушылықтардың сомасы 122,5 мың теңге аудит барысында толық көлемде өтелді.
Сонымен қатар, қалпына келтірілуге тиіс қаржылық бұзушылықтардың сомасы 1 600,4 мың теңгенің 247,6 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтірілді.
Аудит нәтижесі бойынша аудит объектісіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, аталған бұзушылықтарды жіберген кінәлі жауапты тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіпте қарауға шешім жіберілді.
Бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша аудит объектісі жұмысты жалғастыруда.
2020 жылғы екінші тоқсанында Covid-19 пандемиясына байланысты аудиторлық іс-шаралар жүзеге асырылмады.