Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

   

Конкурстың өткізілетін орны мен күні: Астана қаласы, Мәңгілік Ел данғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты,  6 кіреберіс,  бұқаралық ақпараттық  құралдарында хабарландыру шыққан күннен  бастап  күнтізбелік 15 күн өткен соң.  Анықтама үшін телефоны: +7 (717 2) 74-29-72.

      Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Кравцов көшесі, 18, телефоны:  +7 (717) 57-06-02.

      Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: еңбекті қорғау, нормалау, еңбек гигиенасы, физиологиясы, эргономикасы мен экономикасының проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, ғылыми қызметтің нәтижелерін енгізу және коммерциялау.

      Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) жоғары кәсіптік білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) немесе доктор (PhD) бар, институт қызметінің бағыты бойынша кемінде 10 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл өтілі болуы;

2) мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының болмауы.

Конкурсқа:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда қабылданбайды.

     Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы  өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4).еңбек қызметін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмелері не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсібтік-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

     Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

      Құжаттар хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік  15 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуға тиіс: Астана қ., Мәңгілік Ел данғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс. Анықтама телефоны:  74-29-72.

      Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

Дата публикации
27 февраля 2024