Бірыңғай жиынтық төлем салық болып табылмайтынын атап өту қажет, және оны төлеу ерікті сипатта болып табылады.
БЖТ төлеу механизміне келсек, ол өте қарапайым.
Бұл үшін БЖТ режимінің шарттарына сәйкес келетін төлеушілер, өз ЖСН-дары арқылы оны екінші деңгейдегі банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аударады.
Мемлекеттік корпарация өз тарапынан түскен әлеуметтік төлемдерді бөледі және қорларға (МӘСҚ, ӘлМСҚ пен БЖЗҚ) және төлеушінің тұрғылықты мекен жайы бойынша тиісті бюжетке аударады.