"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.