«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрі М. Әбілқасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
__________________ Д. Абаев
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________________Е. Сағадиев
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________Ә. Смайылов
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________________Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы « »
№
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
9. Жергiлiктi атқарушы орган Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтініш берушіге қоныстандыру үшін
мекен-жайын көрсете отырып, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
16. Жергiлiктi атқарушы орган үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоныстандыру үшін мекен-жайын көрсете отырып, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісу не одан бас тарту туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органы өңірлік комиссияның ұсынымы негізінде өңірлік комиссияның ұсынысы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныстандыру үшін мекен-жайын көрсете отырып, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:
76. Өңіраралық қоныс аударуда қатысатын Бағдарлама қатысушылар үшін құрылысы объектілерін салу және (немесе) жаңа тұрғын үй алу тәртібі Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық режимінде жүзеге асырылады.
1) тұрғын үй құрылысты, оның ішінде жұмыс берушілер тарапынан бірлесіп қаржыландыру арқылы;
2) Бағдарлама қатысушыларға жаңа тұрғын үй алу жүзеге асырады.
78. Жеке тұрғын салу барысындағы қаржыландыруы жұмыс берушімен жалпы тұрғын үй сметалық бағасынан 15 пайыздан кем емес жезеге асырылады.
79. Жергілікті атқарушы органдар және жұмыс беруші келесі міндеттерін:
1) бірлесіп тұрғын үй салу тәртібін;
2) қоныс аударып жатқан азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыруын;
3) жұмыс берушімен қаржыландыру мөлшерін көздейтін ниету шарт жасасады.
Тұрғын үй салу барысында жобаны жергілікті жерге байланыстыруы жергілікті бюджет қаражат арқылы жүзеге асырылады.
80. Заңнама белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің түпкілікті құнын анықталғанан кейін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламардың әкімшілігі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй салу және осы құрылысты жұмыс берушімен қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шартты жасасады.
Пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардың балансына тапсырылады.
81. Үшжақтағы әлеуметтік келісімшарттың шарттардың бірі Бағдарлама қатысышуның жұмыс берушіде 5 жылдың ішінде жұмыс істеу болып табылады.
Жергілікті атқарушы орган, жұмыс беруші және Бағдарлама қатусышалар арасында тұрғын үйды 20 жылға беруге жалға беру шарты жасалады.
Тұруы 5 жыл өткеннен кейін әлеуметтік келісімшарттың шарттарын сақталған жағдайда Бағдарлама қатысушысы келесі шарттарды:
Алдағы енгізілген жалға беру төлемдердің, Бағдарлама қатысушылардың нақты тұрған мерзімде төленген сомалары тұрғын үйдың құнына есепке қамтиды.
82. Жаңа тұрғын үй алуы жергілікті атқарушы органдарымен қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы орган екіжақты әлеуметтік келісімшарт, оның шарттардың бірі Бағдарлама қатысышының жұмысқа орналасуы болып табылатын жасалады.
Жергілікті атқарушы орган, жұмыс беруші және Бағдарлама қатусышалар арасында тұрғын үйды 20 жылға беруге жалға беру шарты жасалады.
Тұруы 5 жыл өткеннен кейін әлеуметтік келісімшарттың шарттарын сақталған жағдайда Бағдарлама қатысушысы келесі шарттарды:
Алдағы енгізілген жалға беру төлемдердің, Бағдарлама қатысушылардың нақты тұрған мерзімде төленген сомалары тұрғын үйдың құнына есепке қамтиды.
83. Әлеуметтік келісімшартының шарттарды, оның ішінде жалға берген тұрғын үйде 5 жыл тұру мерзімін бұзған жағдайда, жалға беру төлемдердың сомалары қайтарылмайды, ал тұрғын үй келесі Бағдарлама қатысушыға беріледі.
20 жыл өткенен кейін Бағдарлама қтысушымен тұрғын үйді жекешелендіріден бас тартқан жағдайда, жалға беру шарты мерзімі ұзартылады.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
4. Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.
Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы мемелкет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілген адамдарға осы Бағдарлама шеңберінде бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын жалғастыруға құқық беріледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы»
2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.»;
3, 4 және 5-тармақтарды мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;
2) жастар пактикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі;
3) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 21-бабына сәйкес жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде еңбек шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру мөлшері Бағдарламаға сәйкес айқындалады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік
квотасына енгізу қағидаларына
2-қосымша
|
|
|
|
|
Нысан |
Комиссияның оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не одан бас тарту туралы
ШЕШІМІ
20___жылғы «___»_____________ №________
________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) жөніндегі комиссиясыХалықтың көшіқоны туралы» 2011 жылғы
22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегіатыәкесінің аты (бар болса))
оралмандарды қабылаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін қарапбылай деп шешті
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қоныстандыру үшін мекен-жайын көрсету қажет)
Төраға _____________ _____________________________________________
(қолы) (тегіатыәкесінің аты (бар болса)
МО._______________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қоныс аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
2-қосымша
|
|
|
|
|
Нысан |
20____жылғы _______________ № ______
___________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Халықтың көшіқоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегіатыәкесінің аты (бар болса))
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін қарапбылай деп шешті
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қоныстандыру үшін мекен-жайын көрсету қажет)
Басшы _________________ _________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
М.О._________________