Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ЕХӘҚМ сайтында және ic.nscte.kz. ақпараттық жүйеде орналастырылған Конкурстық құжаттамаға сәйкес «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басым бағыты бойынша еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттама түсініктемесі бойынша мына телефон арқылы кеңес беріледі: (8.7172) 74-35-26, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің Еңбек басқармасының сарапшысы Шаймаханова Айғаным жауапты тұлға болып табылады.
Өтініштерді тіркеу және ШЖК алу үшін «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу жөніндегі Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі. 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дс. – жм., сағ. 9:00 – 18:30, түскі үзіліс сағ. 13:00-14:30.
Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдер қабылдауды бастау – 2020 жылғы 25 тамыздан басталады.
Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 9 қазан (қоса алғанда).