Айлық жалақының ең төмен мөлшерін
айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабы 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « » . .
№ қаулысымен
бекітілген
Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі
1) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстар бірлігіне есептегенде өнім шығарылымын сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші;
2) айлық жалақының ең төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері;
3) медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу ортасында орналасқан және оны екі тең бөлікке бөлетін жалақы мөлшері – жалақы медианадан төмен және одан жоғары.
1) елдегі медиандық жалақының пайызымен көрсетілген салмақтар мен үлестер, ол қызметкер табысының жеткіліктілігі бойынша талапты көрсетеді (%-бен);
2) кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін көрсететін еңбек өнімділігінің пайызымен көрсетілген салмақтар мен үлестер (%-бен).
Медиандық жалақыны есептеу Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы № 20 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33662 болып тіркелген) Қызметкерлердің орташа айлық жалақысын есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Еңбек өнімділігін есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15809 болып тіркелген) Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
мұндағы:
– бұл Әдістемеге сәйкес алдағы жылға белгіленетін айлық жалақының ең төмен мөлшері;
t = ағымдағы жыл;
A – медиандық жалақының салмағы;
B1 – медиандық жалақының үлесі;
– ағымдағы жылға арналған медиандық жалақы;
(1-A) – еңбек өнімділігінің салмағы;
B2 – еңбек өнімділігінің үлесі;
– ағымдағы жылға арналған еңбек өнімділігі;
α – елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, айрықша жағдайларда қолданылатын түзету коэффициенті, 1≤α≤1,5.
Медиандық жалақы мен еңбек өнімділігінің салмағы кем дегенде бес арақатынас (тиісінше 0,5:0,5; 0,7:0,3; 0,3:0,7; 0,9:0,1; 0,1:0,9 ұсынылады) үшін анықталады.
Айлық жалақының ең төмен мөлшерінің есептік мәндері (кемінде бес нұсқа) олардың жекелеген экономикалық, еңбек және әлеуметтік түпкілікті нәтижелерге салдарын бағалауды ескере отырып талданады.
Бұл ретте α мәні 1-ден 1,5-ке дейін өзгереді.
Айлық жалақының ең төмен мөлшерінің ықтимал нұсқаларының ішінен едәуір қолайлысы республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленуге ұсынылады.