Ақпараттық хабар
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде орташа жалақыны есептеу үшін жұмыс уақытының теңгеріміне қарай орташа күндік жұмыс сағаттарының саны қолданылады және ауысым кестесіне қарамастан оқиғаның барлық күнтізбелік күндері ескеріледі.
Қағидаларда техникалық қателікке байланысты «оқиғаның күнтізбелік күндер саны» ұғымы екі рет қайталанады, бұл орташа жалақы сомасының екі еселенуіне әкеледі.
Осыған байланысты «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасында формуладан «оқиғаның күнтізбелік күндер саны» ұғымын алып тастау ұсынылады.
2024 жылғы 29 – 12 қаңтар аралығында бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14911516).