2023 жылғы атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Бүгінгі таңда Министрлікте дербес әдеп жөніндегі уәкілді қоспағанда, Комитеттердің және оның 20 аумақтық департаменттерінде әдеп жөніндегі уәкіл міндеті ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктелген.

2023 жыл бойынша Министрлік және Комитеттің аумақтық департамент қызметкерлеріне, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңа келген қызметкерлерге Мемлекеттік қызмет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша келесі шаралар жүргізілді:

- Әдеп жөніндегі уәкілдерге жеке консультациялық көмек алу үшін 458 адам жүгінді, оның ішінде 241 мемлекеттік қызметші, 217 жеке тұлға. Оның ішінде орталық мемлекеттік органда 70 мемлекеттік қызметшіге, 53 жеке тұлғаға консультация берілді. Өтініш білдіргендердің барлығына көтерілетін мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 8 жазбаша өтініш келіп түсті.

Оның ішінде: 6 жеке тұлғалардан, 1 мемлекеттік органнан, 1 басқа көздерден. Осы өтініштер бойынша түсіндіру сипатындағы қажетті шаралар қабылданды.

Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты 2 арызданушының материалдары Кадр қызметі басқармасына жолданды. Оларға қатысты қызметтік тексеру нәтижесі бойынша шара қолданылмады.

Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 713 түсіндірме жұмыстары (дәріс пен семинарлар, орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар, интернет ресурстарындағы мақалалар, әлеуметтік парақшалардағы ақпараттық түсіндірмелер) жүргізілді. Оның ішінде 230 аймақтарға, 35 облыстарға, 169 аудандарға, 26 селолық округтерге шығу іске асырылды.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында жарты жылда бір рет мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіледі, өткен жылы сауалнамаға 1350 мемлекеттік қызметші қатысты.

Осылайша, Министрлік қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері, жалпы алғанда, былтырғы кезеңмен салыстырғанда ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал 4,6% - ға төмендегенін көрсетті. 2023 жылы - 76,6% сауалнамаға қатысқандарға ұжымдағы моральдық-психологиялық атмосфера ұнайды (81,2%). 

Қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, ұсыныстар енгізілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс қимыл» Үлгілік базалық бағытының № 4 бағытын орындау мақсатында  2023 жылғы 1 ақпанындағы № 30 бұйрығына сәйкес Министрліктің 8 құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау анықтамалары негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді (Бұйрық 2023 жылдың 15 мамырдағы № 151). Easy project жүйесіне барлық құжаттар уақытылы енгізілді.

Сонымен қоса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарының хаттамалары аталған жүйеге орналастырылды.

Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің телефонмен сөйлесу әдебі бойынша ұсынымдар әзірленіп таратылды.

Министрліктің әлеуметтік беттерде мемлекеттік органның беделін түсіретін материалдарды жариялайтын қызметкерлерді анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына мониторинг жүргізіледі.

Қызметтік әдеп нормалары мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуы туралы үнемі ескертулерге қарамастан, мемлекеттік қызметшілер арасында талаптарды елемейтін және бұзушылықтарға жол беретін қызметкерлер бар.

2023 жылы:

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің 3 қызметкері сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жұмыстан босатылды (Ақтөбе облысы (1), Шымкент қаласы (2)).

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік қызметшілер туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы.», - деп ерекше атап өткен.

Осыған орай, елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасу үшін мемлекеттік қызметкерлердің адал қызметі, әділдік пен тәртіп, заң, сенім мен жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құру туралы түсіндірме жұмыстар «Әділетті Қазақстанның адал азаматы» атты тақырыбына бағытталып келеді.

2023 жылғы атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Дата публикации
22 января 2024