«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар,
астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – қаулы жобасы) іске асыру үшін әзірленген.
Қаулы жобасы 2024 жылы мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес «Spina bifida» диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ментальді бұзушылықтары бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.