Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
«2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1108 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;
2) есепті айдан кейінгі айдың 8-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов