Ақпараттық хабар
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту болып табылады.
2024 жылғы 5-19 қаңтар аралығында қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14885720).