«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына

пресс-релиз

 

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (2-шығарылым) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес қайта қаралған.

БТБА (2-шығарылым) кіріспе, 238 жұмысшы кәсібін және разрядтар бойынша 900 тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды, 2 бөлімнен, 9 тараудан тұрады және 8 жұмыс түрі бойынша:

бірінші бөлім:

1) дәнекерлеу жұмыстарын;

2) қазандық, суықтай қалыптау, сымдау және қысымдау жұмыстарын;

3) құю жұмыстарын;

4) ұсталық-престеужәне термиялық жұмыстарын;

екінші бөлім:

5) металдар және өзге де материалдарды механикалық өңдеу бойынша жұмыстарын;

6) металмен қаптау және сырлау бойынша жұмыстарын;

7) слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстарын;

8) эмальдеу бойынша жұмыстарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік  сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып  әзірленді.

БТБА мазмұны (2-шығарылым) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.

Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (2-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (қосымша).

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік       (2-шығарылым) анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы бойынша қаржылық шығындар талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуеміттк қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз
Дата публикации
10 января 2024