«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы
27 наурыздағы №55-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:

«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары» деген тарауда:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) шешімінің негізінде:

1) инфекциялық ауруханалар үшін кейіннен құрылыс-монтаждау жұмыстар жасаумен медициналық технологиялық жабдықтары бар жиынтықтағы дайын модульдік конструкцияларды сатып алу, сондай-ақ қолданыстағы, сондай-ақ ашылуы жоспарланып отырған провизорлық және инфекциялық стационарларда қондырғысы мен монтажы бар медициналық жабдықтарды сатып алу;

2) құрылысты қоса алғанда, өзге де жұмыс түрлері мен объектілерді іске асыруға жол беріледі.»;

«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары» деген тарауда:

бесінші бөлік мынадай редакцияла жазылсын:

«ЖАО және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру шеңберінде:».

  1. Осы өкімнің орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр                                                                      А. Мамин

Дата публикации
17 августа 2020