«Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық туралы ақпарат
«Кәсіптік мерекелерді белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 534 бұйрығы (бұдан әрі-Бұйрық) қабылданды.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бұл бұйрық кәсіби мерекелерді белгілеу тәртібі мен ережелерін анықтайды.