«Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» бұйрық туралы ақпарат
2023 жылғы 19 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Заң Үкіметтің жекелеген құзыреттерін орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне беру арқылы мемлекеттік аппаратты орталықсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.
Бұған дейін Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасында «Алғыс айту күні», «Отбасы күні», «Абай күні» және т. б. мерекелік күндер, сондай-ақ «Мұғалімдер күні», «Медицина қызметкерлері күні», «Құтқарушылар күні» және т. б. кәсіби мерекелер қамтылған мерекелік күндер тізбесі бекітілді.
Қабылданған заң шеңберінде мереке күндерінің тізбесін бекіту Үкіметке сақталды, ал кәсіби мерекелерді бекіту құзыреті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.
Осыған байланысты, «Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығы қабылданды.
Кәсіби мерекелерді анықтау қарастырылған.