2023 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат

2023 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат

 

2023 жылғы 12 желтоқсанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конгресс-Орталығында өткен іс-шараға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен республика кәсіпорындарының басшылары қатысты.

2023 жылы конкурсқа қатысуға 492 ұйым өтінім, оның ішінде 161 ірі кәсіпкерлік субъектісі, 331 – шағын және орта ұйымдар. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына қатысу үшін 250 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына – 87 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына – 67 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясына – 48 өтінім, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығымен марапаттауға берілді- 40 өтінім берді.

Конкурстың қорытындысы бойынша құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, бизнес және кәсіптік одақтардың өкілдері кіретін Республикалық комиссия: 2 Гран-при (екі санат бойынша), 26 лауреат атағы (24 – екі санат бойынша төрт номинация бойынша үш жүлделі орын, 2 – арнайы сыйлық алушыны анықтады «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы»).

Конкурс жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен айрықша белгілер (мүсіншелер) табыс етілді. Сондай-ақ, лауреаттар конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта осы атақ берілгеннен кейін үш жыл ішінде пайдалану құқығын алады.

2023 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
Дата публикации
04 января 2024