«Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
2013 жылдың қараша айында қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде атап өтілетін «Еңбек күні» мерекесі бекітілді.
Еңбек күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 1 қаңтар мен 22 қыркүйек аралығында өңірлерде еңбек ардагерлерін, өткен жылдардағы «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын тарта отырып, жалпы білім беретін оқу орындарында «Сенің таңдауың» атты ашық сабақтар мен фото-көрмелер ұйымдастырылды.
Өңірлік деңгейде еңбек күнін мерекелеуге, өндіріс жұмыскерлерінің қызметін БАҚ-та жариялауға арналған жарнамалық роликтерді дайындау және тарату бойынша ақпараттық-имидждік жұмыс (өңірлік телеарналарда, әлеуметтік желілерде, ресми интернет-ресурста) жүргізілді. Өткен жылдардағы «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарының имиджін арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жаппай іс-шаралар (43 шығармашылық ұжымның концерттері, 30-ға жуық спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылды, олар өндірістің озықтары, үлкен нәтижелерге қол жеткізген ғалымдар, ауыл еңбеккерлері туралы жұртшылықты насихаттауды және хабардар етуді күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ, «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды, онда өндірістік алаңдардың аумақтарына экскурсиялар өткізілді.
Еңбек күні аясында әр өңірде «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында «Еңбек адамын» насихаттау және ілгерілету бойынша ақпараттық материалдар шығару қамтамасыз етілді. Интернет-ресурстарда 107 материал жарияланды.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, оның ішінде өндірістің үздік еңбек әулеттері мен қызметкерлерін анықтау бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 22 қыркүйекте Еңбек күнін мерекелеу шеңберінде еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімімен республикалық форум өткізді.
Салтанатты рәсім Премьер-Министрдің орынбасары, Парламент депутаттары, әлеуметтік серіктестер және басқа да шақырылған қонақтардың қатысуымен өтті.
Конкурс жеңімпаздары мен еңбек ардагерлері ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.