Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

азақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен

қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және

«Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы

30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919,

«Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп

тану туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулыларына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды

деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.       «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 583-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалар тізбесінде:

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2017-2021 жылдар

»;

2.       «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгзілсін:

үшінші және төртінші тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.»;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 − 2021 жылдарға арналған бағдарламасында:

«1. Паспорт (негізгі параметрлер)» деген бөлімде 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру

                                                                                                                 »;

2.1-кіші бөлімде:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органдар бекітетін нысандар бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/ «АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға ұсынатын қарыз қаражаты;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі екінші деңгейдегі банктерге/ «АШҚҚҚ» АҚ/ микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге микрокредит үшін өтініш берген уақытқа қарай кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;»;

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;»;

мынадай мазмұндағы 49) тармақшамен толықтырылсын:

«49) стартап жобалар – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде бір жылға құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары.»;

«4.    Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«4.3 Міндеттер» деген кіші бөлімде:

«4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген тармақта:

«Ауылдағы және шағын қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Ауылда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны

бірлік

ЖАО-лардың есептері

3 300

3 500

3 500

3 700

3 900

 АШМ, ЖАО

2

Ауылда берілген кепілдіктердің саны

бірлік

ЖАО-лардың есептері

720

750

760

770

780

АШМ, ЖАО,   «ҚазАгроКепіл» АҚ

3

Ауылдағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі

%

ЖАО-лардың есептері

20 %

20 %

20 %

20 %

20 %

АШМ, ЖАО

»;

«4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» деген тармақта:

«Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 6-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

75

78

83

87

90

Еңбекмині, ЖАО

2

Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша жүгінгендердің қатарынан оған қатысушылар құрамына енгізілген әйелдердің үлесі 

%

45

45

45

46

48

Еңбекмині, ЖАО

3

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

%

60

65

68

70

75

Еңбекмині, ЖАО

4

Жастар практикасына қатысушылардың саны

 мың адам

12,7

13,2

13,6

13,8

14,0

Еңбекмині, ЖАО

5

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны

 мың адам

11,3

11,4

11,5

11,6

11,7

Еңбекмині, ЖАО

6

Жұмысқа орналасқандардың саны

 мың адам

60

75

90

130

150

Еңбекмині, ЖАО

»;

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 7-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны 

 мың отбасы

2,7

2,7

2,7

3

3,2

Еңбекмині, ЖАО

2

Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

90

92

94

95

96

Еңбекмині, ЖАО

»;

«Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер» деген 8-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

  2017

  2018

  2019

  2020

 2021

1

Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген ізденушілердің үлесі

%

43

45

50

55

59

Еңбекмині,

 «ЕРДО» АҚ

2

Тіркелген ізденушілердің саны

мың адам

50

54

61

68

75

Еңбекмині,

«ЕРДО» АҚ

3

Тіркелген жұмыс берушілердің саны

мың адам

11

14

20

26

32

Еңбекмині,

«ЕРДО» АҚ

»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген бөлімде:

«5.1 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

«5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» деген тармақта:

ТжКБ бар кадрларды даярлау тетігінде:

7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде
2016 жылы кәсіптік даярлау курстарына жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және сонда көрсетілген талаптар бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.»;

«5.1.2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу» деген тармақта:

екінші , үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қоспағанда, кәсіптің (мамандықтың) ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу білім беру ұйымы жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеген және ӨКП-мен келіскен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту модулін қамтитын оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар
29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлер болып табылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын студенттер үшін заңнамамен белгіленген мөлшердегі стпипендиямен және жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде оқитын Бағдарламға қатысушылар үшін тұруға (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу) материалдық көмек көзделеді.»;

мынадай мазмұндағы «5.1.3. Жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруын ескере отырып, қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлерді қайта даярлау» деген тармақпен толықтырылсын:

«5.1.3. Жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруын ескере отырып, қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлерді қайта даярлау.

Қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушілердің өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын оқу аяқталғанға дейін сақтау талабымен жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілер қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер (мамандықтар) және оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді.

Қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлерді қайта даярлау бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау курстары құнының кемінде 30 %-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарында жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымына қайта даярлау курсы құнының 70 %-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.

Қысқартылатын жалдамалы жұмыскерлерді қайта дарлау жөніндегі                      іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.»;

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу тетігінде:

1)    тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына/білім беру ұйымдарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгінеді және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынады және өңірлік комиссия айқындаған тізбеден қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізу үшін білім беру ұйымын таңдайды;»;

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда:

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бірінші бағыт шеңберінде оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға:

1) облыс шегінде орналасқан, бірақ Бағдарламға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге материалдық көмек беріледі.

2) Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарды 5 АЕК мөлшерін материалдық көмек беріледі.

Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді.»;

екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Бағдарламаның бірінші бағытының                                5.1.1-тармағының іске асырылуы туралы мынадай:

1) ТжКБ бар кадрларды даярлау шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының саны;

2) оқыту (ТжКБ) түрлері, мамандықтар мен кәсіп түрлері, оқытудың ұзақтығы бойынша оқушылардың саны;

3) өтініш бергендердің және оқытуға қабылданғандардың саны;

4) оқуды аяқтағандардың саны;

5) оқудан шығарылғандардың және оқуды аяқтамаған адамдардың саны туралы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органнан алынған ақпараттың негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Бағдарламаның бірінші бағытының 5.1.2-тармағының іске асырылуы туралы мынадай:

1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының саны;

2) оқыту (қысқа мерзімді кәсіптік оқу) түрлері, мамандықтар мен кәсіп түрлері, оқытудың ұзақтығы бойынша оқушылардың саны;

3) өтініш бергендердің және оқытуға қабылданғандардың саны;

4) оқуды аяқтағандардың саны;

5) оқудан шығарылғандардың және оқуды аяқтамаған адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөіндегі уәкілетті органға ұсынады.»;

екінші бағытта: жаппай кәсіпкерлікті дамытуда:

«5.2 Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген кіші бөлімде:

бірінші бөлікте 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және қалаларда кредит беру/микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы кредит беру/микрокредит беру мәселелері бойынша – Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.»;

«5.2.1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген тармақта:

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 2018 жылдан бастап қалаларда да жүзеге асырылады.»;

он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржылай емес қолдау операторы "Бастау Бизнес" жобасына қатысушының кредит/микрокредит алуға арналған өтінімін қарау туралы микроқаржы ұйымы және/немесе кредиттік серіктестік және/немесе "АШҚҚҚ" АҚ және/немесе екінші деңгейдегі банк алдында қолдау білдіреді.»;

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігінде 5) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) кредит/микрокредит алғандардың саны туралы ақпаратты ұсынады. »;

         «5.2.2. Кәсіпкерлік бастамашылықты қолдау» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.

Кредиттер/микрокредиттер:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;

2) қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Микробизнесті ашу үшін кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.

Кредит/микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.

Кредиттер/микрокредиттер басымды тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың және қалалардың мамандандыру карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп 20 ақпанға дейін аудандарды, шағын қалаларды және қалаларды мамандандыру картасын әзірлеп, оны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келіседі, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасарымен бекітеді. Келісілген аудандардың, шағын қалалардың және қалалардың мамандандыру карталары микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға/ «ҚазАгрокепіл» АҚ-ға ұсынады. Қажет болған кезде агрокәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша көрсетілген карталарды түзетуге жол беріледі.

Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы ұсынылады.

Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттарда бюджеттік кредит ұсынылады:

1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.

«Микрокредит беру ұйымының және «АШҚҚҚ» АҚ қатысу туралы шешімі облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста екі микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ бір уақытта қатысуға жол беріледі.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

Микрокредит беру ұйымдарына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:

1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;

3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары үшін – 6 ай, «АШҚҚ» АҚ - 12 ай;

4) нысаналы мақсаты – «АШҚҚҚ» АҚ үшін Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану және қамтамасыз етілу шарттарында не қаржылық тұрақты микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер мен екінші деңгейдегі банктер үшін қамтамасыз етілмей жүзеге асырылады;

2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – «Даму» КДҚ» АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап 12 ай;

5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру.

Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;

2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;

3) номинальдыі сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

4) ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға қандай да бір комиссияларды, жинақтарды және/немесе Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, жинақтардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс.

5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда және қалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит беру/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

7) МҚҰ/КС/ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кредит беру/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;

8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қарыздың мерзімдері мен сомалары Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттарына сәйкес айқындалады;

9) ЕДБ/МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ қаржы жылында бұрын берілген                      кредиттер/микрокредиттер бойынша, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттардың есебінен көрсетілген қаржы жылынан кейінгі 6 (алты) айдан кешіктірмей қайта кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.

Көрсетілген 6 (алты) ай өткенге дейін аталған қаражаттар игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Өңірлік комиссияның шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен кредиттер/микрокредиттер алған осы Бағдарламаның және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларына жобаларды іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе жетіспейтіндерін салу бойынша, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Қалаларда кредиттер/микрокредиттер ұсыну тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит ұсыну тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну тетігі:

1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жүгінеді;

4) МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

5) МҚҰ/КС ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

6) МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ кредит/микрокредит берген күннен бастап тоқсан күн ішінде кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп тоқсан сайын МҚҰ/КС/Микрокредит беру ұйымына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ұсынылады;

7) микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде тоқсан сайын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп ұсынады.

Шағын қалалардан басқа қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ мүдделі үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

3) үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттарымен МҚҰ/ЕДБ-ға кредит/микрокредит алуға өтінішпен жүгінеді;

4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредит/микрокредит алу үшін өтінішпен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;

5) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде Бағдарлама шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;

7) микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

8) микрокредит беру ұйымы берілген кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады және тиісті ақпаратты кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде кредиттер/микрокредиттер беру және олардың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есеп ұсынады.»;

«5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру» деген тармақта:

«5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру» тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру»;

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;

2) қалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.»;

екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгроКепіл" АҚ, қалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.

Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшері кепілдік мөлшерінен ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 30 %-ды, қалаларда – 20 %-ды құрайды.»;

бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

«Кепілдіктердің мөлшері:

1) ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кредит/микрокредит сомасынан                     85 %-дан аспайды;

2) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кредит/микрокредит сомасынан                 50 %-дан аспайды.

Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.»;

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.»;

оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың басында микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беру үшін комиссияларға бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын кепілгерлерге аударады. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында кепілгерлерге аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай кепілгерлерге аударылады.»;

он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне ұсынылады.»;

он төртінші және он бесінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

«Кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.

Қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.»;

«5.3 Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген кіші бөлімде

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.»;

«5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген тармақта:

төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру:

1) жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – келу өңірлері);

2) бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған жағдайда  экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға жүзеге асырылады.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Қызылорда облысы кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.»;

мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

«Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін өңірлік комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына жылға аударылған сома шегінде бір жолғы субсидия сомасын төлеуге жол беріледі.

Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммунальдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.

Егер, қоныстану өңірлерінде сатып алынған тұрғын үйдің құны:

1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;

2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өз қаражаты есебінен өтейді.»;

мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

«Ауылдан қалаға қоныс аудару жөніндегі іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.»;

Әлеуетті қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі мынадай мазмұндағы Ауылдан қалаға қоныс аударуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігімен толықтырылсын:

«Ауылдан қалаға қоныс аударуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін өңірлік комиссияның қарауына облыс шегіндегі ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын енгізеді;

2) өңірлік комиссия азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегіндегі ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін қарап, бекітеді;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округ әкімдері ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

4) облыс шегінен тыс жерлерге қоныс аударуды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ әкімдеріне жүгінеді;

5) халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округ әкімдері үміткерлерді Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етеді;

6) халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткірлердің тізімін қалыптастырады;

7) үміткерлер келіскен жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді;

8) халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу туралы өтінішті және басқа ауданға көшкісі келетіндердің құжаттарын облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жолдайды, аудан ішінде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді және бұл туралы өтініш берушілерді хабардар етеді;

9) облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетіндерден өтініштер мен құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді;

10) өтініші берген адамдардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша
5 жұмыс күні ішінде:

10-1) аудандық (қалалық) комиссиялар бір аудан ішінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

10-2) өңірлік комиссиялар бір облыс шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.

Аудандық (қалалық) және өңірлік коммисиялар әзірленген ұсынымдарды тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуіне қарай өткізіледі;

11) халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде ұсынымдардың негізінде азаматтарды ауылдан қалаға қоныс аудару үшін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

12) қоныстану жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушымен жеке әлеуметтік келесімшарт жасасады.»;

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру және сүйемелдеу кезіндегі өзара іс-қимыл тетігінде:

бірінші тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ мен порталды қоса алғанда, "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын республикалық деңгейде сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек нарығын дамыту орталығы» АҚ қамтамасыз етеді;»;

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыруда:

оныншы бөліктің төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияларда жазылсын:

«3) кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру шараларын іске асыру үшін қаржылай қаражатты бөледі;

4) ауылда және аудан орталықтарында "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуына және қалаларда кредит/микрокредит беруге мониторингті жүзеге асырады;»;

он бірінші бөліктің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияларда жазылсын:

«2) кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржылай қаражатты бөледі;

3) ауылда кредит берудің/микрокредит берудің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы «7. Бағдарлама өлшемшарттары деген бөліммен толықтырылсын:

«7. Бағдарлама өлшемшарттары мыналар;

Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары :

1) моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен өнімдерінен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда,  акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1434 қаулысына сәйкес БҒМиторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;

3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын;

5) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, сауда-саттық саласында айналмалы қаражатты толтыруға жобалары бағытталған (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің № 683-ОД бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының (бұдан әрі – ЭҚЖС) ЭҚЖС 45.20 және 45.40 кластарында көзделген автокөлік құралдары мен мотоциклдерді тяехникалық қызмет көрсету және жөндеуді қоспағанда  «көтерме және бөлшек сауда; автомобилдер мен мотоциклдерді жөндеу» G секциясы) кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.»;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Мақсат. Халықтың нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту» деген бөлімде:

1, 2, 3-тармақтардың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ»;

4-тармақтың 6-бағаны  мынадай редакцияда жазылсын:

«ҰЭМ, АШМ, Еңбекмині, БҒМ»;

«Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» деген бөлімде:

«2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» деген кіші бөлімде:

«Іс-шаралар» бөлігінде:

6-тармақта:

4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне ақпарат»;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«ҰКП, ЖАО, БҒМ, Еңбекмині»;

8-тармақта 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне есеп»;

«Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген кіші бөлімде:

«Іс-шаралар» бөлігінде:

2-тармақтың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«ҰКП, ҰЭМ, Еңбекмині, ЖАО»;

в части «Мероприятия»:

«2-міндет. Ауылда және қалада кәсіпкерлік негіздерін қаржыландыру» деген кіші бөлімде:

«Іс-шаралар» бөлігінде:

6-тармақтың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Аудандарды және елді мекендерді мамандандырудың өңірлік картасын әзірлеу және түзету»;

«Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген кіші бөлімде:

«Нәтижелер көрсеткіштері:» бөлігіндегі 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалардың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині, ЖАО»;

«Іс-шаралар» бөлігінде:

1-тармақтың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині бұйрығы»;

1-тармақтың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині, ЖАО»;

2, 3-тармақтардың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне ақпарат»;

6-тармақтың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне есеп»;

7-тармақтың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне ақпарат»;

10 11-тармақтардың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне ақпарат»;

«2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген кіші бөлімде:

«Нәтижелер көрсеткіштері:» бөлігіндегі 2) тармақшасының 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині, ЖАО»;

«Іс-шаралар» бөлігінде:

1-тармақтың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне ақпарат»;

3,4-тармақтардың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын

«Еңбекминіне есеп»;

«3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай алаң құру» деген кіші бөлімде:

«Нәтижелер көрсеткіштері:» бөлігіндегі 1), 2), 3) тармақшалардың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині, «ЕРДО» АҚ»»;

«Іс-шаралар:» бөлігіндегі 1), 2), 3) тармақшалардың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекминіне ақпарат»;

«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуыында:»

«ДСӘДМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» аббревиатурасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;».

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Дата публикации
27 декабря 2019