«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 27-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері
11-1, 11-2, 11-3-жолдармен толықтырылсын:

 «

11-1

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеген кезде қысқартылған ұзақтығы жұмыс уақыты мен қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібін жетілдіру

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеген кезде қысқартылған ұзақтығы жұмыс уақыты мен қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөлігінде мемлекеттік кепілдіктер беруден жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған талдамалық зерттеу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгі

«Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»
 103 «Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету»

15 966

11-2

Қазақстан Республикасында

зиянды еңбек жағдайларындағы әйелдер еңбегін реттеу тетігін  жетілдіру

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін әйелдердің еңбегін реттеудегі жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған талдамалық зерттеу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгі

«Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»
 103 «Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету»

11 116

11-3

Семей ядролық сынақ полигонының әрекеті нәтижесінде иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған халыққа арналған қорғау және оңалту шараларының тиімділігін бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Семей ядролық сынақ полигонының әрекеті нәтижесінде иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған халыққа арналған қорғау және оңалту шараларының тиімділігін бағалауға бағытталған зерттеуді жүргізу және оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республика

сы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгі

«Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»
 103 «Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету»

17 409

».

 

          2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Б. Сағынтаев



Дата публикации
27 декабря 2019