Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

««Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»;

«Паспорт (негізгі параметрлер)» деген 1-бөлімде 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

Атауы

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

                                                                                                                 »;

«Кіріспе» деген 2-бөлімде сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осыған байланысты, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.»;

«2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:» деген кіші бөлімде:

12), 13) және 49) тармақшалар мынадай редакцияларда жазылсын:

«12) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы басқармасы) - ауыл шаруашылы саласында жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;

13) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган - кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме;

49) стартап жобалар – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары.»;

«4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«4.3 Міндеттер» деген кіші бөлімде:

«4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» деген тармақта

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.»;

2-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын;

«Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері.»;

«Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

№ Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны

мың адам.

26

36

46

50

56

Еңбекмині, ҰКП,  ЖАО

«4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген тармақта:

«Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-кесте мынадай редакцияда жазылсын;

№ Р/с

Көрсеткіш атауы

 

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Ауылда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны

бірлік

ЖАО есептері

3300

3500

3 500

3700

3900

 АШМ, ЖАО

2

Ауылда берілген кепілдіктердің саны

бірлік

ЖАО есептері

720

750

760

770

780

АШМ, ЖАО, «ҚазАгроКепіл» АҚ

3

Ауылдағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі

%

ЖАО есептері

50

50

50

50

50

АШМ, ЖАО

«4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» деген тармақта:

«Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 6-кесте мынадай редакцияда жазылсын;

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған адамдардың үлесі

%

75

78

83

87

90

Еңбекмині, ЖАО

2

Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша жүгінгендердің қатарынан оған қатысушылар құрамына енгізілген әйелдердің үлесі

%

45

45

45

46

48

Еңбекмині, ЖАО

3

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

%

60

65

68

70

75

Еңбекмині, ЖАО

4

Жастар практикасына қатысушылардың саны

мың адам

12,7

13,2

13,6

13,8

14,0

Еңбекмині, ЖАО

5

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны

мың адам

11,3

11,4

11,5

11,6

11,7

Еңбекмині, ЖАО

6

Жұмысқа орналасқандардың саны

мың адам

60

75

90

130

150

Еңбекмині, ЖАО

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 7-кесте мынадай редакцияда жазылсын;

 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны

мың отбасы

2,7

9,3

9,5

9,3

3,2

Еңбекмині, ЖАО

2

Еңбекке қабілетті оралмандар мен қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

90

92

94

95

96

Еңбекмині, ЖАО

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген бөлімде:

«5.1 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.»;

«5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» деген тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар және және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.»;

ТжКБ бар кадрларды даярлау тетігінде:

  1. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда, астанада, ауданның кенттік, ауылдық округтерінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады.

Мобильдік топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.

Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастыруды аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;

«5.1.2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу» деген тармақта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу»;

сегізінші бөлік мынандай редакцияда жазылсын:

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде Бағдарламаға қатысушыға тұруға материалдық көмек (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.»;

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу тетігінде:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған Бағдарламаға қатысушыларға білім беру ұйымы белгіленген үлгідегі куәлік, біліктілік беру туралы сертификат береді.

Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссиямен келісу бойынша оқудан шығаруға құқығы бар.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Кадрларды даярлау және оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады.

Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді.

Әрбір Бағдарламаға қатысуға бектілген өндірістегі тәлімгерге еңбекақы төлеу тиісті қаржы жылына белгіленген ең аз жалақының 20 %-ы мөлшерінде белгіленеді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.»;

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда:

Екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірінші бағыт шеңберінде оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мөлшерде:

1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге материалдық көмек беріледі;

2) Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарды 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Материалдық көмек білім беру ұйымы келгені туралы берген анықтаманың негізінде шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай төленеді.»;

Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде тартылған тараптардың функцияларын бөлуде:

Екінші және оныншы мынадай редакцияларда жазылсын:

«Аудандық (қалалық) комиссия:

1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдайды;

3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың қарауына үміткерлердің тізімдерін шығарады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешімдер туралы үміткерлерді хабардар етеді;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын, сондай-ақ оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді;

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

5) жұмыс берушілердің оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырубойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.»;

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы:

1)      Кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге ұсынысты жсопарлауғақатысады;

2)      Кәсіпорындардың жанындағы жұмыс берушілердің оқу орталықтарын іріктейді және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін олардың тізілімін бекітеді;

3)      Өзінің интернет-ресурсында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілердің оқу орталықтарының тізілімін орналастырады.»;

мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өңірлік кәсіпкерлер палаталары:

1) үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер қабылдауға қатысады;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындауға қатысады;

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы оқыту үшін оқу бағдарламаларын келіседі;

4) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;

5) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

6) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін оқу орталықтары бар жұмыс берушілердің ұсыныстарын қалыптастырады.»;

«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген кіші бөлімде:

Бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

«Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

4) стартап жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру, мемлекеттік гранттар беру және қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.»;

«5.2.1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген тармақта:

Екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

«Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, 2018 жылдан бастап қала тұрғындары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттер үшін заңнамада белгіленген мөлшерле стипендиямен қамтамасыз етіледі.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күнді құрайды.»;

он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Оқуға қатысушыларды жинау туралы хабарландыру және оқыту графигі бұқаралық ақпарат құралдарында және қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.»;

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігінде:

1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияларда жазылсын:

«1) оқуға үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту мәселелері жөнінде консультация алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне қатысуға өтінішпен жүгінеді және тізбесі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады;

2) ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалы/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкімі үміткерлердің құжаттары мен өтініштерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына («Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің тізімін «Бастау Бизнес» жобасының нысаналы тобына сәйкестігі тұрғысынан «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы тексеруді жүзеге асырады және үміткерлердің тізімін ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді;»;

«5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы болып табылады.

Үміткерлер тікелей немесе ӨКП-ның аудандық филиалдарына/ауылдық округтердің және елді мекендердің  әкімдері арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;

2) бар болса кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сетификат) туралы құжаттың көшірмелері;

Кредиттер/микрокредиттер басқа мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалар шеңберінде берілген кредиттер бойынша қарыздары бар Бағдарламаға қатысушыларға берілмейді.

Микробизнесті ашу не кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушылардың жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алуға құқығы бар.

Жабдықтарды сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Кредиттер/микрокредиттер:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;»;

2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Микробизнесті ашу үшін кредиттер/микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін кредит/микрокредит алуға жүгінген күннен кейінгі соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.

Кредиттер/микрокредиттер жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін дамыту үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.

Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың және қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп 20 ақпанға дейін аудандардың, шағын қалалардың және қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органның келесімі бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді.

Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді. Аудандардың, шағын қалалардың және қалалардың мамандану карталары микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ-ға/ «ҚазАгрокепіл» АҚ-ға ұсынылады. Қажет болған кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандар мен шағын қалалардың мамандану карталарын түзетуге жол беріледі.

Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.

Қалаларда кредиттер/микрокредиттер қорландыру "Даму" КДҚ АҚ арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржылық ұйымдар арқылы беріледі.

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен бюджеттік кредит беріледі:

1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.

Микрокредит беру ұйымының және «АШҚҚҚ» АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен «АШҚҚҚ» АҚ қатысуына жол беріледі.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:

1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;

3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары үшін – 6 ай, "АШҚҚ" АҚ - 12 ай;

4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану және қамтамасыз етілу шарттарында не қаржылық тұрақты МҚҰ/КС/ЕДБ үшін қамтамасыз етусіз жүзеге асырылады;

2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап 12 ай;

5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға қандай да бір комиссияларды, жинақтарды және/немесе Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, жинақтардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда және қалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелеріне берілмейді;

6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кредит/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;

8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қарыздың мерзімдері мен сомалары Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттарына сәйкес айқындалады;

9) ЕДБ/МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ қаржы жылында бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша да соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттар есебінен аудандардың және шағын, моно қалалардың мамандандыру картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан соңғы қарыз алушыларға Бағдарламаның шарттарынла қайта микрокредит/кредит беруді мындай тәртіппен:

2018 жыл аяқталғанға дейін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015-2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттардың есебінен;

Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы ішінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражаттар есебінен жүзеге асыруға құқығы бар.

Көрсетілген мерзімдер өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-да тексеру нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жіберіледі;

4) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

5) МҚҰ/КС ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

6) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ кредит/микрокредит берген күннен бастап тоқсан күн ішінде кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп МҚҰ/КС/Микрокредит беру ұйымына тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ұсынылады;

7) микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп (портал арқылы электрондық түрде/ қолма-қол) береді.

Шағын қалалардан басқа моноқалаларда, қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдіктеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ мүдделі үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерді "Еңбек нарығы" ААЖ-да тексеру нәтижелері бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттарымен (бар болса) МҚҰ/ЕДБ-ға жібереді;

4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредит/микрокредит алу үшін өтініммен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;

5) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Бағдарлама шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;

7) микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ақпарат ұсынады;

8) микрокредит беру ұйымы берілген кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады және кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес тиісті ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде кредиттер/микрокредиттер беру және олардың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есепті кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

мынадай мазмұндағы «5.2.5. Стартап жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тармақпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік гранттар беру

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға салалық шектеусіз экономиканың басым салаларында жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтемсіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және /немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен  және бұрын басқа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатарындағы халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

Стартап жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар:

1) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған адамдар үшін 100 АЕК-ке дейін;

2) қабылдау өңірлеріне келген қоныс аударушылар мен оралмандар үшін бизнесті дамыту үшін 2000 АЕК-ке дейін.

Бағдарламаға қатысушылардың мемлекеттік гранттарды бір рет алуға ғана құқығы бар.

Бағдарламаға қатысушылар үшін мемлекеттік гранттар алуға қойылатын міндетті шарттар:

  1. оның салық заңнамасына сәйкес, салық органдарында тіркелуі;
  2. ӨКП-ның оң қорытындысының болуы;
  3. Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны туралы құжаттың болуы болып табылады.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған адамдар мемлекеттік грант қаражатын қажетті инвентаряны, еңбек жабдығын, технологиялық құрал жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады.

Қабылдау өңірлеріне көшіп келген қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік, жер телімдерін сатып алуға және жалға алу ақысын төлеу ретінде пайдалануды қоспағанда, салалық шектеусіз бизнесті дамытуға пайдаланады.

Мемлекеттік грант қаражаты мақсатқа сай пайдаланылады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтінімін қарау бойынша комиссия құрады.

Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

1) үміткерлер мемлекеттік гранттарды алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінеді;

2) Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынылған өтінімдер мен құжаттарды қарап, мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссияның қарауына жібереді.

3) Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссия қажетті құжаттарды қарап, мемлекеттік грант беру/бермеу туралы қорытынды дайындайды және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жолдайды.

4) Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссия қорытынды беру үшін қажет болған жағдайда мемлекеттік грант алуға үміткер адамдармен жеке сұқбаттасу өткізеді не қосымша құжаттар сұратады.

5) Халықты жұмыспен қамту орталығы қорытындыны алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

6) өңірлік кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік грант берілген 12 ай ішінде қаражттардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаларды сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) көрсетеді.

Мемлекеттік гранттар беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Стартап жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.

«5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген тармақта:

Жастар практикасын ұйымдастыруда:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі.»;

«5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар бойынша:

1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері);

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.

Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады ("Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысы).

2) Облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.

Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:

Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудыңорта мерзімді кезеңге және алдағы жылға өңірлік квоталары бекітілгеннен кейін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынады.

Ақпарат өңірдің кәсіптерді (мамандықтарды) көрсете отырып,  еңбек ресурстарына қажеттіліктері туралы, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың мүмкіндіктері мен бар болуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпарттық ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Шығу өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос оырндар жәрмеңкесін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны туралы, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс туралы, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне таныстырылымдық баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімімен белгіленген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталарына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері болап табылады.

Мыналар:

1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін - 2050») жобасы шеңберінде білім алып жатқандар;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін - 2050») жобасына қатысушылар қатарындағы жастар және олармандар өңіраралық ерікті қоныс аударуға  шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.

Шығу өңірлерінен келу өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

1) мемлекеттік қызметшілерге;

2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;

3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.

Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

1) көшуге материалдық көмек беруді;

2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;

3) еңбекші жастар үшін тұрғын үй немесе «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;

4) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақ арқылы жеңілдік кредиттерді;

5) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;

6) стартап жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;

7) жеке қосалқы шаруашылықты дамыту және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін жер заңнамасына сәйкес жер учаскілерін беруді;

8) қажет болған кезде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

9) жаңа жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғыз бастыларына он екі ай ішінде ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалық көмек беріледі:

1) қалалық жерлерге қоныс аударатындар үшін:

1.1) бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;

1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса –25 АЕК мөлшерінде;

1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

2) ауылдық жерлерге қоныс аударатындар үшін:

2.1) бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;

2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса –18 АЕК мөлшерінде;

2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға аударылған сома шегінде біржолғы субсидия сомасын төлеуге жол беріледі.

Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.

Егер қоныстану өңірлерінде сатып алынған тұрғын үйдің құны:

1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;

2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.

Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге кемінде 5 Бағдарламаға қатысушына жұмысқа орналастыру кезінде кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидиялар беріледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үш жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрлықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі жөнінде міндеттемесі көзделеді.

Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келесімшартта көрсетіледі.

Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде, Бағдарламаға қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.

Жұмыс берушілердің және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың Бағдарламаға қатысу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.

Шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасы азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртіптері мен талаптары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.

Шығу өңірінде тұратын үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, өтініш білдіреді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбсы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметті көрсете отырып, жинақтау үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.

Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы үміткерлердің жиынтық тізімін қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жібереді.

Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы өңірлік комиссияның отрысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.

Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы шешімді шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия шешімінің көшірмесін жібереді.

Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.

Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң шешім қорытындысы болған жағдайда, үміткердің қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдауға құқығы бар. 

Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органы 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Үміткерлердің көшуі өздігінен жүзеге асырылады.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоатасына енген оралмандар   оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу бойынша комиссияның шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамтуорталықтары қоныс аударушымен/оралманмен жеке әлеуметтік келесімшарт жасасады және оларды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады.

Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.

Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен талаптары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультациялар береді.

Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде,  Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, өтініш білдіреді.

Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбсы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметті көрсете отырып, жинақтау үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өңірлік комиссияның отрысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықатры арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиисиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күнен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда) және бұл туралы үміткерді хабардар етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен жеке келісімшарт жсасады және оны Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады.

Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бір облыс шегінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:

Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушалар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.

Мыналар:

1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;

4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

1) көшуге материалдық көмек беруді;

2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беруді;

3) жұмыс берушілердің қаржаттары есебінен тұрғын үй беруді;

4) қажет болған кезде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

5) жаңа жерде жұмысқа орналасуды қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету  және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауыл мен облстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына шығарады.

Өңірлік комиссия жыл сайын 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін ауыл және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.

Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты тұратын жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтер әкімдері үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация береді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімін қалыптастырады.

Үміткерлер келіскен кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде басқа ауданға, аудан ішінде көшкісі келетіндерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтінішті және олардың құжаттарын облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына енгізуге жібереді және бұл туралы өтініш берушілерді хабардар етеді.

Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетіндердің өтініштері және құжаттары келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді.

өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындылары бойынша 5 жұмыс күні ішінде:

аудандық (қалалық) комиссиялар бір аудан ішінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

өңірлік комиссиялар бір облыс шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.

Аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар 3 жұмыс күні ішінде әзірленген ұсынымдарды тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуіне қарай өткізіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде ұсынымдардың негізінде азаматтарды ауылдардан қалаларға қоныс аудару үшін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде ауылдардан қалаға қоныс аударуға қатысатын адамдарды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушымен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады.

Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асырады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жолдайды.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.

Бағдарламаға қатысушылар тізіліміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен бірге жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды қамтиды.

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растайтын құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидиялар төлейді.

Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде, Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.

Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.»;

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыруда:

алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық және кәсіпкерлер кәсіпкерлер палатасы:

1) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін айқындауға, сондай-ақ Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдірген адамдарды тартуға қатысады;

2) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;

3) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;

4) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;

5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру карталарын әзірлейді;

6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

7) стартап жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу туралы қорытынды береді;

8) бір жыл ішінде стартап жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алған Бағдарламаға қатысушыларды сүйемелдеуді жүргізеді.»;

тоғызыншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) ӨКП-мен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды 2018 жылға дейін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады;

2) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

3) ӨКП-мен бірлесіп, стартап жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;

4) кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру шараларын іске асыру үшін қаржылай қаражат бөледі;

5) ауылда және аудан орталықтарында «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылуына және қалаларда кредит/микрокредит беруге мониторингті жүзеге асырады;

6) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) «АШҚҚҚ» АҚ және микрокредит беру ұйымдарының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

2) кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржылай қаражатты бөледі;

3) ауылда кредит/микрокредит берудің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;

6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады;

7) 2018 жылдан бастап ӨКП-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушылардың «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуын ұйымдастырады.»;

в План мероприятий по реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы внести следующие изменения:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына:

«Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген кіші бөлімде:

«Нәтижелер көрсеткіштері:» деген бөлімнің 1) тармақшасының 1-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған адамдардың үлесі»;

«Іс-шаралар» деген бөлімде:

3, 7, 10, 11-тармақтардың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«ЕРДО» АҚ-ға есеп»;

«2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»: деген кіші бөлімде:

«Нәтижелер көрсеткіштері:» деген бөлімнің 1) тармақшасының 8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«9,3»;

«Нәтижелер көрсеткіштері:» деген бөлімнің 1) тармақшасының 9-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«9,5»;

«Нәтижелер көрсеткіштері:» деген бөлімнің 1) тармақшасының 10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«9,3»;

«Іс-шаралар» деген бөлімде:

3-тармақтың 4-бағаны          мынадай редакцияда жазылсын:

«ЕРДО» АҚ-ға ақпарат        ».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

Дата публикации
27 декабря 2019