2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 12, 21, 22-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
7 |
Әлеуметтік-еңбек саласында ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жалпы республикалық базаны құру және оны жүргізу және кедейшілік жөніндегі ақпаратты өңдеу, негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтерді сүйемелдеу, техникалық қолдау бойынша қызмет көрсету |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр лiгі |
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ |
056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» 101 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
2 111 051 |
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев