«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жұмыссыздарға, студенттерге және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдама:

- осы Қағидаларға 4 немесе 5 қосымшаға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдама;

- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдама қалыптастырады;

- осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жіберу.»;

осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 6, 7, 9 және 10-қосымшалар алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

бұйрыққа 1 қосымша

 

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

1-қосымша

Нысан

 

 

____________________________
ауданының (қаланың)

мансап орталығының директорына

_____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын

______________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Өтініш

 

Маған кәсіптік оқытуға; субсидияланатын жұмыс орнына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас»), қоныс аударуға (қажеттісінің астын сызыңыз) жолдама беруді сұраймын.

Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

_______________                                                         ___________

           Күні                                                                                                                          қолы

--------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                                                кесу сызығы

Азамат ___________________________________________________ өтініші 20__ жылғы «___» ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы қолы:________________________________________________________________

 

_______________                                                                 ______________

           Күні                                                                                                                                            қолы

 

бұйрыққа 2 қосымша

 

 

«Жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің белсенді

шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

2-қосымша

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал);

3) электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні;

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды:

осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдама;

осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдама;

осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдама беру немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) Порталда және Электрондық еңбек биржасында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:

кәсіптік оқытуға жолдама алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) еңбек кітапшасы (бар болса);

3) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) (бар болса);

4) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;

субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) еңбек кітапшасы (бар болса);

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат, (жастар практикасына немесе «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін).

Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса ата-анасының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімін қоса береді.

Жеке басты куәландыратын құжат пен деректер «Еңбек нарығы» ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына:

мемлекеттік қызмет көрсету үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болғанда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік пароль беру арқылы немесе Портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін айқындау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;

5) кәсіптік оқытуға жолдама беру үшін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 109-бабының 4-тармағы;

6) субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру үшін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 111-бабының 7-тармағы;

7) субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларының 7-тармағы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшада авторланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдаланып, мобильдік қосымшада авторланудан өту қажет, одан кейін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, керек құжатты таңдау қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және статусы туралы ақпаратты Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Бірыңғай байланыс орталығы: «1414».



 

бұйрыққа 3-қосымша

 

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

3-қосымша

 

Нысан

 

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып көрсетілетін қызметті беруші

_____________________________________________________________________

                                            Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы

Сіздің тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ________________________________________.

ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

мансап орталығының директоры:

_______________________________________                   _________

                                         Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                                         қолы

Орындаушы: __________________________________________________

                                                          Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

Алдым:_______________________________________________________

                                   Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы

    

Берілген күні: 20___ жылғы «____» ___________.

Мөрдің орны

 

 

 

бұйрыққа 4-қосымша

 

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

4-қосымша

 

Нысан

 

Білім беру ұйымына кәсіптік оқытуға № ______ жолдама

 

Азамат  _________________________________________________________

                                                                                           Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________________________________________________

                                               Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны

20__ «___» __________ бастап 20__ «___» __________ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберіледі.

________________________________________                  _________

                                     Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                               қолы

 

Берілген күні

Мөрдің орны

 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                                                                 кесу сызығы

Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде білім беру ұйымы мансап орталығына қайтарады

 

№ ___ жолдамаға хабарлама

________________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны

азамат ______________________________________________________________

                                                                    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20__ жылғы «__» _______ № ____ бұйрыққа сәйкес ___________________________

Біліктілік атауы

біліктілігі бойынша 20__ жылғы «__»______ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға қабылданғанын хабарлайды.

Білім беру ұйымының жауапты өкілі:

_________________________________________                ______________

                                Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                                          (қолы)

 

Берілген күні

Мөрдің орны

 

бұйрыққа 5-қосымша

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

5-қосымша

Нысан

 

Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға № ____ жолдама

 

Азамат ______________________________________________________

                                                                                        Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

                                  Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны

20__ «___» __________ бастап 20__ «___» __________ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберіледі.

 

________________________________________          ___________

                   Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                        қолы

Берілген күні

Мөрдің орны

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                                                                   кесу сызығы

Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші мансап орталығына қайтарады

 

№ ___ жолдамаға хабарлама

_______________________________________________________________
   Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны

азамат ___________________________________________________________

                                                                            Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20__ жылғы «__»____ № ____ бұйрыққа сәйкес ___________________________                                                                          

                                                                                                                                                         Біліктілік атауы

біліктілігі (дағдысы) бойынша оқу кезеңіне 20__ жылғы «__» ________ дейін _______ ай мерзімге жұмысқа қабылданды.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Жұмыс берушінің жауапты өкілі:

 _____________________________________________                 _______________

                                     Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                                                        қолы

 

Берілген күні

Мөрдің орны

 

бұйрыққа 6-қосымша

 

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

8-қосымша

 

Нысан

 

Субсидияланатын жұмыс орнына № _____ жолдама

 

Жұмыссыз, студент және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысы, өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттісінің астын сызыңыз)_____________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН

20____ жылғы «__» ___________ бастап 20__ жылғы «__»______ дейін ____ ай мерзімге ___________________________________________________________

        Кәсіп/мамандық атауы

мамандығы (кәсібі) бойынша субсидияланатын жұмыс орнына: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобасы (қажеттісінің астын сызыңыз) жұмысқа орналасу үшін __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс берушінің атауы, заңды мекежайы, байланыс телефоны

жіберіледі.

 

_________________________________________________        ________

                         Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                        қолы

 

Берілген күні

Мөрдің орны

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                                                                                 кесу сызығы

Жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші мансап орталығына қайтарады

 

№ ___ жолдамаға хабарлама

________________________________________________________________

                                                                          Жұмыс берушінің атауы

20__ жылғы «__» ____________ жасалған №_______ еңбек шартына
(20__ жылғы «____» __________ №_______ бұйрық) сәйкес азамат _____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________________________________________________

Лауазым атауы

ретінде 20__ жылғы «__» _____ бастап 20__ жылғы «__» ________ дейін_______ ай мерзімге субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімімен субсидияланатын жұмыс орнына қабылданды.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Жұмыс берушінің жауапты өкілі:

_____________________________________________                      ___________

                                    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                                                            қолы

 

Берілген күні

Мөрдің орны

 

 

бұйрыққа 7-қосымша

 

 

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға

жолдамалар беру» мемлекеттік

қызметін көрсету қағидаларына

11-қосымша

 

Нысан

 

Қоныс аударуға № _____ жолдама

 

Азамат (азаматша) ________________________________________________

                                               Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН

өңірлік комиссияның 20 ___ жылғы «___» ___________ №____ шешіміне сәйкес________________________________________________________________

Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы

тұру және __________________________________________________________

Кәсіп/мамандық атауы

мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі. Онымен бірге:_________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтініш берушіге туыстық қатынасы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

қоныс аударады. ________________________________________       __________

Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                             қолы

Берілген күні

Мөрдің орны

--------------------------------------------------------------------------------------------------------

кесу сызығы

Көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады

 

№______ жолдамаға хабарлама

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қоныстанған облыстың ауданының/қаласының мансап орталығы

_____________________________________________________________________

Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20 __ жылғы «___»__________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес (20__ жылғы___________ №___ бұйрық) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы болып табылады және оған ___________________________________

_____________________________________________________________________

Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс берушінің атауы мекенжайы, байланыс телефондары

кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (қажетінің астын сызу).

Қабылдау өңірінің мансап орталығының директоры: _______________________________________                     ___________

 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                                            қолы

 

Берілген күні

Мөрдің орны

бұйрық
Дата публикации
22 декабря 2023