Астана қаласы город Астана
|
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтулар енгізу туралы |
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сырттай проактивті куәландыруды (қайта куәландыруды) қоспағанда, куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәландырылатын адам, заңды тұлға, сондай-ақ куәландырылатын адам коматозды жағдайда болғанда жұбайы (зайыбы) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туысы МӘС жүргізуге арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш) берген кезде, өтінішке олардың жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі:»;
9-тармақтың 12-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
«12) «Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен жағдайда қайта куәландыру кезінде куәландыратын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгерту туралы мәліметтер;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) куәландырылатын адам коматозды жағдайда болғанда туыстық дәрежесін растау үшін жақын туысы өтініш берген кезде туу туралы куәлік;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) куәландырылатын адам коматозды жағдайда болғанда жұбайы (зайыбы) өтініш берген кезде неке қию туралы куәлік талап етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:
«71-1. МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде МӘС әдіснамасы және бақылау бөлімі қайта куәландырған жағдайларда немесе дәйексіз құжаттарды, негізсіз шығарылған сараптамалық қорытындыны ұсыну фактілері анықталған кезде мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі:
1) егер мүгедектік тобы күшейтілсе (мүгедектігі бар адам неғұрлым ауыр топқа ауыстырылса) және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі ұлғайтылса, МӘС бөлімі мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
2) егер мүгедектігі бар адам ауырлығы төмен топқа ауыстырылса немесе мүгедектігі белгіленбесе және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі төмендетілсе немесе белгіленбесе, не мүгедектік тобы және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өзгермесе, МӘС әдіснамасы және бақылау бөлімі тоқтатқан күннен бастап белгіленеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жызылсын.;
2-қосымшада: реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
МӘС және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды (электрондық үкімет) шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұрап алады: 1) куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет; 2) адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын мәлімет; 3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы» ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды; 4) медициналық ұйым оны әзірлеген кезде, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген №033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі); 5) ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер болған кезде – ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері; 6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама) – жұмыс істейтін адамдар куәландырудан өткен кезде; 7) алғашқы куәландыру кезінде, еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарға қатысты – еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған кезде, сонымен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады; 8) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде – осы әлеуметтік қатер бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер; 9) өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамға осы жазатайым оқиға бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) алғашқы рет белгілеу кезінде мүгедектікті және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін – «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт); Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі; 10) кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы; 11) жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәлімет; 12) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер; 13) куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – «Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер. 14) куәландырылатын адам коматозды жағдайда болғанда туыстық дәрежесін растау үшін жақын туысы өтініш берген кезде туу туралы куәлік; 15) куәландырылатын адам коматозды жағдайда болғанда жұбайы (зайыбы) өтініш берген кезде неке қию туралы куәлік. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне №031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі. ЗҚАИ-ның ескертпесі 13) тармақшаның төртінші абзацы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі осы бұйрықтың 5-т. сәйкес. Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) шағымдарды, организм функцияларының бұзылу дәрежесін, диагноздар мен ұсынымдарды көрсете отырып, объективті тексеру деректерін көрсететін мамандардың консультациялары; клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық және басқа зерттеулердің нәтижелері; пациенттің жай-күйінің динамикалық өзгерістерін көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, санаторий-курорттық ұйымдарда емделіп шығу жағдайының (емделіп шығу жағдайларының) нәтижелерін; туындаған асқынуларды; зертханалық зерттеулердің, консультациялардың нәтижелерін қорытындылау; оңалту әлеуетін, оңалту диагнозын және оңалту маршрутының шкаласын ескере отырып берілген ұсынымдар; жедел/шұғыл медициналық көмек шақырған пациентке белсенді бару нәтижелері бар электрондық құжаттарды қоса берілген электронды №031/е нысанының, пациенттен немесе оның өкілінен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20495 болып тіркелген) бекітілген проактивті қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес алынған келісімі негізінде жүргізіледі. Электрондық медициналық құжаттар аурудың бейінін ескере отырып және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына (бұдан әрі – ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) сәйкес ұсынылады. Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) мынадай құжаттарды: организм функцияларының бұзылу дәрежесін, диагноздар мен ұсынымдарды көрсете отырып, шағымдарын, объективті тексеру деректерін көрсететін мамандардың консультацияларын; клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық және басқа зерттеулердің нәтижелерін; пациенттің жай-күйінің динамикалық өзгерістерін көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, санаторий-курорттық ұйымдарда емделіп шығу жағдайының (емделіп шығу жағдайларының) нәтижелерін; туындаған асқынуларды; зертханалық зерттеулердің, консультациялардың нәтижелерінің қорытындыларын; оңалту әлеуеті, оңалту диагнозы және оңалту маршрутының шкаласы ескерілген ұсынымдарды; жедел/шұғыл медициналық көмек шақырған пациентке белсенді бару нәтижелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20495 болып тіркелген) бекітілген Проактивті қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес алынған пациенттің немесе оның өкілінің келісімі бойынша №031/е электрондық нысан негізінде жүргізіледі. Медициналық электрондық құжаттар аурудың бейінін ескере отырып және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына сәйкес ұсынылады. |
».;
10-қосымшаның 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілген жағдайлар бойынша он сегізге дейінгі жаста мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, ақыл-ой кемістігі ауыр немесе терең және оларға сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі, оның ішінде Даун синдромы кезінде;»;
10-қосымшаның 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілген жай-күйлер бойынша он сегіз жасқа дейін мүгедектікті алғаш белгілеген кезде орташа ақыл-ой кемістігі (имбециальдық) және әртүрлі генездегі ақыл-ой кемістігінің тиісті дәрежесі, оның ішінде Даун синдромы кезінде;»;
15-қосымшада:
қазақ тіліндегі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4, 5-жолдармен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
|
4. |
Ересектерде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы зәр шығару жүйесінің аурулары |
№ 18.5 (ересектерде) |
|
5. |
Ақыл-ой кемістігін қоса алғанда, психикалық аурулар, балалар аутизмі |
F00-99 |
».;
Реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
8. |
Даун синдромы |
Q90 |
».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі