«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 6-тармағына сәйкес «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
2023 жылдың 4 желтоқсанында бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).