«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер.
«Еңбек нарығы» ААЖ процесін автоматтандыруға байланысты бірқатар рәсімдер оңтайландырылды, оның ішінде үміткерді жұмыссыз ретінде тіркеу және (немесе) бір реттік Ваучер алу мәніне тексеру.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда – республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындар талап етілмейді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
- Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері.
Бірқатар рәсімдер оңтайландырылды, оның ішінде үміткерді жұмыссыз ретінде тіркеу және (немесе) бір реттік Ваучер алу мәніне тексеру.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер.
«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығы.
- Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.
Жоқ.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).
Жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (01.12.2023 ж. Кбайт) орналастырылған.
- Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат.
Орналастырылды.
- Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Талап етілмейді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова