«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы»;

1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары;»;

 көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесінде:

1-тараудың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс)
    11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) арнаулы әлеуметтік төлем – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер.»;

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Зейнетақы төлемдері:

1) Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және
2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1) 2) және
2-1) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген график бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-1-тармағында және 221-бабы
1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-дан төлеу жүзеге асырылатын күні зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-1-тармағында және 221-бабы
1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, алушыға БЖЗҚ-дан бір мәрте төленеді.

Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен және (немесе) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 2018 жылғы
1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар бойынша зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының кемінде отыз еселенген, бірақ алушының жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

Егер кезекті зейнетақы төлемі жүзеге асырылғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құрайтын болса, Әлеуметтік кодекстің 220-бабы
1-1-тармағында және 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бұл қалдық кезекті зейнетақы төлемнің сомасымен бірге төленеді.»;

2-тарау мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

«Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының
2-1) тармақшаларында көзделген жағдайлар туындаған жағдайда

12-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет көрсету арқылы не жеке басты куәландыратын құжатты, сондай-ақ банктік шот туралы мәліметтерді ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы _ _ _ _ № _ _ бұйрығымен бекітілген Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау, төлеуді тоқтату қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде тағайындалады.

Егер Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса және Әлеуметтік кодекстің
220-бабының 1-1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген жағдайда, аталған адамға міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері тағайындалуы мүмкін.

12-2. Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезінде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде тіркелген электрондық өтінімдер бойынша не міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар ұсынған тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация осы Қағидаларға 10-тармақта көрсетілген келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген электрондық өтінімдер, өтініштер туралы мәліметтер, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алуға міндетті зейнетақы жарналары салымшысының келісімі беріледі.

БЖЗҚ Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сай Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы_________ №__ бұйрығымен бекітілген Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау, төлеуді тоқтату қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары салымшысының оларды алуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың банктік шоттарына аударады.

Бұл ретте зейнетақы төлемін алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

12-3. Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында, 221-бабы
1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) зейнетақы төлемін тағайындау үшін талап етілетін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің болмауы;

2) кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, осы Қағидалардың 13-2-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорациядан электрондық хабар алған күнге ағымдағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеумен расталған еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін жүзеге асыру;

3) Әлеуметтік кодекстің 195-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;

4) Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында, 221-бабы
1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адам қайтыс болуы.

12-4. Зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемін тағайындау күні Мемлекеттік корпорацияда зейнетақы төлемін алушының электрондық өтінімі не өтініші тіркелген күн болып есептеледі.

БЖЗҚ жыл сайын осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін дербес қайта есептейді.

12-5. Зейнетақы төлемі:

1) зейнетақы төлемін алушы қайтыс болуы туралы;

2) зейнетақы төлемін алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы туралы;

3) жұмыс берушінің зейнетақы төлемін алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісін анықтау туралы мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.»;

2-тарауда 4-параграф мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Зейнетақы төлемдерін алу мақсатында алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе БЖЗҚ-ға ұсынған банктік деректемелер өзгерген жағдайда, алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе БЖЗҚ-ға осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарлайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1),
2) тармақшаларында, 1-1-тармағында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және
2-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.»;

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 1-1-тармағында және 221-бабы                1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген, Әлеуметтік кодекстің                         207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зейнетақы төлеуге өтініш білдірген адамдарға осы әдістеменің 2-тармағының                             3) тармақшасында белгіленген түзету коэффициенті қолданылмайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері осы әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте әлеуметтік Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерін төлеу зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен.

Әлеуметтік Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 1-1-тармақтарында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың кейінгі жылдарында ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу ставкасына өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін ұлғайту жолымен айқындалады.»;

зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне қосымша мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде алпыс ай төленген зейнетақы төлемдерін алушылар үшін 1,45 түзету коэффициенті Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және
2) тармақшаларында және 221-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін қолданылмайды;».

  1. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                         Ә. Смаилов

                                              

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
29 ноября 2023