«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» 2001 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидалары»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) электрондық ақша жүйесінің операторы – банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сәйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын төлем ұйымы.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына немесе электрондық ақша жүйесі операторының электрондық әмиянына аудару жолымен жүргізеді.
Электрондық ақша жүйесінің операторы өтініш берушінің электрондық әмиянының сенімділігі мен меншік құқығын қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші әлеуметтік төлемдер сомаларын аудару үшін электрондық ақша жүйесі операторының атауы мен электрондық әмиянның сәйкестендіру кодын ұсынған жағдайда, Орталық немесе әкім ақпарат алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы, оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық әмиянның сәйкестендіру коды, ұялы телефон нөмірі (бар болса), сондай-ақ электрондық ақша жүйесі операторының атауы көрсетілген ақпаратты электрондық ақша жүйесінің операторына жібереді.
Электрондық ақша жүйесінің операторы ұсынылған сәйкестендіру коды негізінде өтініш берушінің сәйкестігін анықтайды, электрондық эмиянның өтініш берушіге иелілігін тексереді және нәтижелерін Орталыққа немесе әкімге жолдайды. Әмиянның сәйкестендіру коды сәйкес еместігі анықталған жағдайда, электрондық ақша жүйесінің операторы өтініш берушінің келісуі арқылы Орталыққа немесе әкімге мобильді азаматтардың базасы арқылы анықталған электрондық әмиянның дұрыс сәйкестендіру нөмірін жолдайды.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |