Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстық комиссиясының жалпы конкурс бойынша шешімі:
Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Айдос Ирмекұлы Ильяс;
Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және талдау басқармасының басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Нуржан Людвигович Баймурзин;
Әкімшілік жұмыс департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылау басқармасының сарапшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Асель Газизовна Ажигулова ұсынылды.
Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңіне) уақытша бос лауазымына жалпы конкурстың оң шешімін алған кандидаттың болмауына байланысты аталған уақытша бос лауазымға арналған конкурс өтпеді деп есептелсін және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кезекті тәртіпте жүргізілсін.